5 Ылғалданды-
рғышты тазарту
Есте сақтаңыз
Тазарту алдында ылғалдандырғышты міндетті түрде
•
розеткадан ажырату керек.
Су ыдысындағы суды шығару жолы мен ауа кіру
•
жолдарына қарама-қарсы жақтан төгу керек.
Ылғалдандырғыштың кез келген бөлігін тазалау
•
үшін ағартқыш немесе алкоголь сияқты абразивті,
агрессивті немесе тұтанғыш тазалағыш заттарды
ешқашан пайдаланбаңыз.
Ылғалдандырғыштың
корпусын тазарту
Шаңның жиналуын болдырмау үшін
ылғалдандырғыштың ішін және сыртын
жүйелі түрде тазалаңыз.
1
Ылғалдандырғыш корпусының шаңын
жұмсақ, құрғақ шүберекпен сүртіп
алыңыз.
2
Ауа кірісін және шығысын құрғақ, жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз.
Су ыдысын тазарту
Таза ұстау үшін, су ыдысын апта сайын
тазалаңыз.
1
Ылғалдандыру сүзгісі мен сүзгі тірегін
шығарып алыңыз.
2
Су ыдысының 1/3 бөлігін сумен
толтырыңыз.
3
Су ыдысындағы суға жұмсақ тазартқыш
сұйықтық қосыңыз.
4
Су ыдысының ішкі бөлігін жұмсақ әрі
таза шүберекпен тазартыңыз.
5
Су ыдысындағы суды раковинаға төгіңіз.
6
Ылғалдандыру сүзгісін және сүзгі
ұстағышын су ыдысына қайта қойыңыз.
ҚҚ
75