Télécharger Imprimer la page

Panasonic TY-WK103PV9 Manuel D'installation page 48

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 23
Орнатуға қатысты сақтық шаралары
АБАЙЛАҢЫЗ
Орнатылатын жер ұзақ уақыт пайдалануға шыдау үшін жеткілікті түрде орнықты болуына
көз жеткізіңіз.
• Егер ұзақ уақыт пайдалану кезінде оның беріктігі азайса, дисплей түсіп кетіп, жарақаттануға себеп
болуы мүмкін.
Кронштейнді орнату жəне шешіп алуы жұмыстарын тек қана білікті техник маман орындауы
керек.
• Егер кронштейн дұрыс орнатылмаса, дисплей түсіп кетіп, жарақаттануға себеп болуы мүмкін.
Орнатудың беріктілігіне қатысты барлық қауіпсіздік шараларын сақтаңыз.
• Егер орнату беріктігі жеткілікті болмаса, дисплей түсіп кетіп, жарақаттануға себеп болуы мүмкін.
Жүк көтере алмайтын жерлерге орнатпаңыз.
• Егер орнатылатын беттің беріктігі жеткіліксіз болса, дисплей түсіп кетіп, жарақаттануға себеп
болуы мүмкін.
ЕСКЕРТУ
Ылғал, шаң, түтін, бу немесе қызу əсеріне ұшырайтын жерлерге орнатпаңыз.
• Бұл себептер плазмалық дисплейге кері əсерін тигізіп, өрт шығуына немесе ток соғуына əкеп
соқтыруы мүмкін.
Каталогта көрсетілгеннен басқа дисплейлерді пайдаланбаңыз.
• Əйтпесе, құрылғы түсіп кетіп, зақымдалуы жəне дене жарақатына себеп болуы мүмкін.
Плазмалық дисплейді жоғары қаратып, қырынан немесе төңкеріп орнатпаңыз.
• Бұл дисплей ішінде жылудың жиналып, өрт шығуына əкеп соғуы мүмкін.
Плазмалық дисплейді орнату немесе орнынан шешу үшін түсіру құрылғысын (машинаны)
пайдаланыңыз жəне бұл жұмысты кемінде төрт кісі орындауы керек.
• Егер төрт кісі болмаса, дисплей түсіп кетіп, жарақаттануға себеп болуы мүмкін.
Жел кіретін тесіктерді жауып тастамаңыз. Қабырғаға ілетін кронштейнді пайдаланған кезде
плазмалық дисплейдің артқы жағы мен қабырға арасынан бос орын қалдырыңыз.
• Олай етпеген жағдайда ішінде қызу пайда болып, өрттің шығуына себеп болуы мүмкін.
Дисплейдің үстіңгі жағынан, сол жəне оң жандарынан кемінде 30 см, астыңғы жағынан кемінде
15 см жəне артқы панель мен қабырғаның арасында кемінде 20 см ашық жер қалдырыңыз.
• Қалдырмаған жағдайда өрт шығуы мүмкін.
Қолдану ережелері
1) Дисплейдің орнын таңдаған кезде абай болыңыз, себебі күн сəулесі тікелей түсетін жерге
немесе жылытқышқа жақын қойылса, оның түсі оңып кетуі немесе пішіні бұзылуы мүмкін.
2) Дисплейді тазалау жəне сүрту үшін жұмсақ құрық (мақта немесе жүннен тоқылған) матаны
пайдаланыңыз. Егер құрылғы аса бұлғалып кетсе, əуелі оны бейтарап жуу құралымен
кетіріп, құрғақ шүберекпен тазалап сүртіңіз Бензол, сұйылтқыш немесе жиһаз балауызын
пайдаланбаңыз, себебі ол жабынның аршылып түсіп қалуына себеп болуы мүмкін. (Егер
химиялық сүрту шүберегін пайдалансаңыз, ұсынылған сақтық шараларын орындаңыз.)
3) Бұйымға жабысқақ таспа немесе стикерлер жабыстырмаңыз. Бұл қабырға кронштейнінің
бетін кірлетуі мүмкін.
4) Орнатқан кезде абай болыңыз, себебі плазмалық дисплей соғылуы онда "панель сызаттары"
пайда болуы мүмкін.
КƏСІБИ МАМАНДАР ОРНАТУЫ ҚАЖЕТ.
PANASONIC, ДҰРЫС ОРНАТПАУ НЕМЕСЕ ДҰРЫС ПАЙДАЛАНУ САЛДАРЫНАН БОЛҒАН КЕЗ
КЕЛГЕН МҮЛІККЕ КЕЛГЕН ЗИЯН ЖƏНЕ/НЕМЕСЕ АУЫР ЖАРАҚАТТАР, СОНЫҢ ІШІНДЕ ӨЛІМ
ҮШІН ЖАУАП БЕРМЕЙДІ.
55

Publicité

loading