Тазалау Және Техникалық Қызмет Көрсету - Bosch EasyComfort I 6 TDS60 Série Notice D'utilisation

Masquer les pouces Voir aussi pour EasyComfort I 6 TDS60 Série:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 22
3x
Тазалау және техникалық қызмет көрсету
3x
2h
300 ml
162
B O SC H
5. Авто өшіру
Қауіпсіздік мақсатында және қуатты үнемдеу үшін,
құрылғы 8 минут бойы қолданылмаған жағдайда
автоматты түрде өшеді.
Үш дыбыстық сигнал беріледі және барлық индикатор
шамдары (1, 2, 3, 4) жыпылықтайды.
1 Бу станциясын қайта қосу үшін, бу шығару
түймесін (14) қайтадан басыңыз.
1. Қақ кетіру процесі
Маңызды: құрылғыңызды ұзақ уақыт бойы жақсы
қалпында сақтау үшін, қақ кетіру процесін белгілі
бір пайдалану мерзімінен кейін орындау керек.
"Calc'nClean" индикатор шамы (2) жыпылықтап
және 3 дыбыстық сигнал беріліп, процесті
орындау қажеттілігін көрсетеді.
Бойлерден қақ кетіру
1 Құрылғыны өшіру үшін, түймені (1) басыңыз.
Құрылғыны ажыратып, кем дегенде 2 сағат
суытыңыз.
2 Су багын босатыңыз.
3 Үтікті төсемесінен (12) алып тастаңыз.
4 Бойлер қақпағын (8) бұрап шығарыңыз. Бойлерді
бірден босатыңыз.
5 Бойлерді шамамен 300 мл құбыр суымен
толтырыңыз. Бойлер қақпағын жауып, негізгі
блокты біраз уақыт сілкіп жіберіңіз. Сонаң соң, оны
толығымен босатыңыз.
Маңызды: Үздік нәтижеге қол жеткізу үшін, бұл
әрекетті екі рет орындауға кеңес береміз.
Қайта жабудан бұрын бойлерде су қалмағанына көз
жеткізіңіз.
6 Егер құрылғыңыз қақ коллекторымен (8*)
жабдықталған болса, оны жуу керек болады
("Қақ кетіру және қатқан қақ коллекторы" бөлімін
қараңыз).
7 Қақпақты ауыстырып, бекемдеп қойыңыз.
* Үлгісіне байланысты

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières