Hilti SR 30-A36 Mode D'emploi Original page 144

Masquer les pouces Voir aussi pour SR 30-A36:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 18
Корпусты тек сәл суланған шүберекпен тазалаңыз. Ешқандай силикон қамтитын күтім құралдарын
пайдаланбаңыз, өйткені олар пластмасса бөлшектерін зақымдауы мүмкін.
Құрал бекіткішінің сыртын жүйелі түрде тазалап және майлап тұрыңыз. Ол үшін Hilti ұсынған 314648
спрейін қолданыңыз.
Литий-иондық аккумуляторға қызмет көрсету
Аккумуляторды май мен майлағыштан таза күйінде ұстаңыз.
Корпусты тек сәл суланған шүберекпен тазалаңыз. Ешқандай силикон қамтитын күтім құралдарын
пайдаланбаңыз, өйткені олар пластмасса бөлшектерін зақымдауы мүмкін.
Ылғалдың кіруін болдырмаңыз.
Техникалық қызмет көрсету
Барлық көзге көрінетін бөлшектерде зақымдардың бар-жоғын және басқару элементтерінің ақаусыз
жұмысын жиі тексеріп тұрыңыз.
Өнім зақымдалған және/немесе ақаулы болған жағдайда оны пайдаланушы болмаңыз. Бірден Hilti
қызмет көрсету орталығына жөндетіңіз.
Күтім және техникалық қызмет көрсету жұмыстарынан кейін барлық қорғауыш құрылғыларды
орнатып, жұмысын тексеріңіз.
Қауіпсіз қолдану үшін тек түпнұсқа қосалқы бөлшектер мен жұмсалатын материалдарды
қолданыңыз. Біз рұқсат еткен қосалқы бөлшектер, шығын материалдары мен өнімге арналған
керек-жарақтар Hilti Store дүкенінде немесе келесі веб-сайтта қолжетімді: www.hilti.group.
7.1
Қысқыш тіректі ауыстыру
Қажет болса, қысқыш тіректі ауыстыруға болады.
1. Аккумуляторды аспаптан шығарыңыз.
2. Ара төсемін алып тастаңыз. → Бет 137
3. Қылышты араның астыңғы жағындағы қысқыш тірекке арналған қызыл түсті босату түймесін
басыңыз.
4. Қысқыш тіректі шығарыңыз.
5. Қылышты араның астыңғы жағындағы қысқыш тірекке арналған қызыл түсті босату түймесін
басыңыз.
6. Кішкене майланған қысқыш тіректі қондырғыға толық орнатыңыз.
7. Қысқыш тіректің бекітілгеніне көз жеткізіңіз.
8
Аккумуляторлық аспаптарды тасымалдау және сақтау
Тасымалдау
АБАЙЛАҢЫЗ
Тасымалдау кезіндегі кенет іске қосылу !
▶ Өніміңізді әрдайым аккумуляторын шығарып алып тасымалдаңыз!
▶ Аккумуляторларды шығарыңыз.
▶ Аккумуляторларды ешқашан үймеде тасымалдамаңыз.
▶ Аспапты немесе аккумуляторларды ұзақ уақыт тасымалдаған соң, оларды пайдалану алдында
зақымдарының бар-жоғын тексеріңіз.
Сақтау
АБАЙЛАҢЫЗ
Бүлінген немесе заряды таусылған аккумуляторлардан күтілмеген зақымдалу !
▶ Өніміңізді әрдайым аккумуляторын шығарып алып сақтаңыз!
▶ Аспап пен аккумуляторларды мүмкіндігінше салқын және құрғақ күйінде сақтаңыз.
▶ Аккумуляторларды ешқашан күн, жылу көздерінің астында немесе әйнек артында сақтамаңыз.
▶ Аспап пен аккумуляторларды балалар мен рұқсаты жоқ адамдардың қолы жетпейтін жерде
сақтаңыз.
▶ Аспапты немесе аккумуляторларды ұзақ уақыт сақтаған соң, оларды пайдалану алдында
зақымдарының бар-жоғын тексеріңіз.
138
Қазақ
Printed: 19.09.2019 | Doc-Nr: PUB / 5391396 / 000 / 03
8
2186519
*2186519*

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières