Техникалық Күтім Және Қызмет; Қызмет Көрсету Және Тазалау; Тұтынушыға Қызмет Көрсету Және Пайдалану Кеңестері - Bosch UniversalHumid Notice Originale

Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 31
236 | Қазақ
Өлшеу құралы әрбір өлшеудің дұрыс орындалуын бақылайды. Егер ақаулық
анықталса, дисплейде "Err" және ескерту белгісі (c) көрсетіледі. Өлшеу құралын
өшіріп, сонан соң қайта қосыңыз. Егер қате түзетілмесе, батареяларды шығарып,
бірнеше секундтан кейін қайта салыңыз. Егер белгілі бір көмек шаралары арқылы
қатені түзету мүмкін болмаса, өлшеу құралын делдал арқылы Bosch қызмет көрсету
орталығына жіберіңіз.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Өлшеу құралын әр пайдаланудан бұрын тексеріңіз. Өлшеу құралының ішінде
зақымдар немесе бос бөлшектер көрінетін болса, оның жұмысы сенімді болмайды.
Өлшеу құралын тек түпнұсқа орауыш сияқты арнайы қорап ішінде сақтаңыз және
тасымалдаңыз.
Жөндеу үшін өлшеу құралын түпнұсқа орауышында жіберіңіз.
Істіктердің үстіне жапсырма жапсыруға болмайды.
Өлшеу құралын таза ұстаңыз.
Өлшеу құралын суға немесе басқа сұйықтықтарға батырмаңыз.
Ластануларды суланған, жұмсақ шүберекпен сүртіңіз. Жуғыш заттарды немесе
еріткіштерді пайдаланбаңыз.
Тазалау кезінде өлшеу құралына ешбір сұйықтық тимеуі тиіс.
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану кеңестері
Қызмет көрсету орталығы өнімді жөндеу және оған техникалық қызмет көрсету,
сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Құрамдас
бөлшектер бойынша кескін мен қосалқы бөлшектер туралы мәліметтер төмендегі
мекенжай бойынша қолжетімді: www.bosch-pt.com
Bosch қызметтік кеңес беру тобы біздің өнімдер және олардың керек-жарақтары
туралы сұрақтарыңызға жауап береді.
Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру кезінде міндетті түрде
өнімнің фирмалық тақтайшасындағы 10 таңбалы өнім нөмірін беріңіз.
Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен электр құралын жөндеу және
кепілді қызмет көрсету барлық мемлекеттер аумағында тек "Роберт Бош" фирмалық
немесе авторизацияланған қызмет көрсету орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ!
Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға зиян
келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық
тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.
1 609 92A 5EY | (29.04.2020)
Bosch Power Tools

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières