OBJ_BUCH-3061-001.book Page 148 Wednesday, December 14, 2016 1:05 PM
148 | Қaзақша
– Электр құралын шам. 30 секундқа іске қосыңыз.
Егер қатты тербелулер пайда болса, электр құралын
бірден өшіріп, кесу дискісін шешіп, қайта орнатыңыз.
Пайдалану
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Тасымалдау қорғауышы (C суретін қараңыз)
Тасымалдау қорғауышы 15 сізге түрлі жұмыс жайларына
тасымалдау кезінде электр құралын қолай пайдалануға
көмектеседі.
Электр құралын қорғауышынан босату (жұмыс күйі)
– Манипуляторды тұтқасында 3 аз төмен басып
тасымалдау қорағауышын 15 босатыңыз.
– Тасымалдау қорғаышын 15 толық сыртқа тартыңыз.
– Манипуляторды жай жоғарыға бағыттаңыз.
Ескертпе: Тасымалдау қорғауышы ішке басылмағанына
көз жеткізіңіз, әйтпесе манипулятор керекті тереңдікке
бұралуы мүмкін болмайды.
Электр құралын қорғауышын орнату
(тасымалдау күйі)
– Манипуляторды төменге тасымалдау қорғауышы 15
ішке толық басылғанша жылжытыңыз.
Тасымалдау туралы қосымша нұсқауларды 149 бетінде
қараңыз.
Бағыт бұрышын реттеу (D суретін қараңыз)
Қисайту бұрышын 0° мен 45° аралығында реттеу мүмкін.
Маңызды реттеу көлемдері тиісті белгілер арқылы бұрыш
панелінде 7 белгіленген. 0° мен 45°-күйлері тиісті аяқтау
тірелуімен қамтамасыз етіледі.
– Бұрыш панелінің бекіту бұрандасын 13 жинақтағы
торцтык кілтпен 14 (15 мм) босатыңыз.
– Керекті бұрышты орнатып екі бекіткіш бұранданы 13
қайта бұрап бекітіңіз.
Бұрыш панелін жылжыту
(D мен E суреттерін қараңыз)
Егер ені 140 мм-ден ұзын болған дайындамаларды
ажыратпақшы болсаңыз бұрыш панелін 7 артқа
жылжытыңыз.
– Бекіту бұрандаларын 13 жинақтағы торцтык кілтпен 14
(15 мм) бұрап шешіңіз.
– Бұрыш панелін 7 керекті аралықта бір немесе екі
бұрылысқа артқа жылжытыңыз.
– Керекті бұрышты орнатып екі бекіткіш бұранданы 13
қайта бұрап бекітіңіз.
Дайындаманы бекітіңіз (E суретін қараңыз)
Оптималды жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін
дайындаманы әрдайым бекем қысу керек.
Қатты қысуға өте кіші болған дайындамаларды өңдемеңіз.
Ұзын дайындамалар бос басында басылып тірелуі керек.
– Дайындаманы бұрыш панеліне 7 қойыңыз.
1 609 92A 342 | (14.12.16)
– Бекіту шпинделін 8 дайындамаға жылжытып оны
шпинделі тұтқасы 10 көмегімен дайындаманы
қысыңыз.
Дайындаманы босату
– Шпиндель тұтұасын босатыңыз 10.
– Жылдам құлпын ашуды 9 ашып бекіту шпинделін 8
дайындамадан тартыңыз.
Пайдалануға ендіру
Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет.
Пайдаланудан алдын кесу дискісін қайта тексеріңіз.
Кесу дискісі мінсіз орнатылып, еш кедергісіз
айналуы қажет. 30 секунд ішінде сынау жұмысын
жүктемесіз орындаңыз. Ақауы бар, домалақ емес
және дірілдейтін кесу дискілерін пайдаланбаңыз.
Бұзылған кесу дискілері жарылып жарақаттануларға
алып келуі мүмкін.
Қорғасын бояу, минералдар және металлдар бар кейбір
материалдардың шаңдары денсаулыққа зиянды болуы
мүмкін. Шаңға тию және шаңды жұту пайдаланушыда
немесе жанындағы адамдарда аллергиялық
реакцияларды және/немесе тыныс жолдарының
ауруларын тудыруы мүмкін.
Белгілі метал шаңдары, әсіресе мырыш, алюминий
немесе хром сияқты қорытпалар жағдайында, қаупті
болып табылады. Асбестік материал тек қана
мамандармен өңделуі керек.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Кесу дискісі шаң, жоңқа немесе дайындама сынықтары
тірек тақтасының 12 тесігіне түскенде бұғатталуы мүмкін.
– Электр құралын өшіріп желі айырын розеткадан тартып
қойыңыз.
– Кесу дискісі толық тоқтағанша күте тұрыңыз.
– Кіші дайындамалар олар үшін арналған тесікке түсуі
үшін электр құралын артқа қисайтыңыз.
Барлық дайындамаларды алыстату үшін тиісті
аспаптарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналуын болдырмаңыз.
Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Пайдаланушы күйі (F суретін қараңыз)
Электр құралы алдына кесу дискісімен бір сызыққа
тұрмай, әрдайым кесу дискісінен шетте тұрыңыз.
Осылай кесу дискісінің сынуы жағдайында денеңіз
мүмкін сынықтардан қорғалған болады.
Қосу мен өшіру (G суретін қараңыз)
Энергия қуатын үнемдеу үшін электр құралын тек
пайдаланарда қосыңыз.
– Іске қосу үшін алдымен қосу бұғаттауын 1 басыңыз.
Сосын қосқыш/өшіргішті 2 басып ұстап тұрыңыз.
Bosch Power Tools