Télécharger Imprimer la page

Hilti NURON SB 6-22 Mode D'emploi Original page 189

Publicité

Литий-иондық аккумуляторға қызмет көрсету
Еш жағдайда желдету саңылаулары бітелген аккумуляторды қолданбаңыз. Желдету саңылауларын
құрғақ, жұмсақ қылшақпен жақсылап тазалаңыз.
Аккумуляторға шаңның немесе кірдің қажетсіз тиюіне жол бермеңіз. Аккумуляторға қатты ылғалдың
тиюіне ешқашан жол бермеңіз (мысалы, суға батыру немесе жаңбыр астына қою арқылы).
Аккумулятор су болса, оны зақымдалған аккумулятор ретінде қарастырыңыз. Оны тұтанбайтын
контейнерге оқшаулап, Hilti қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Аккумуляторды бөгде май мен майлағыштан таза ұстаңыз. Аккумуляторда шаң не кірдің қажетсіз жи-
налуына жол бермеңіз. Аккумуляторды құрғақ, жұмсақ қылшақпен немесе таза, құрғақ шүберекпен
тазалаңыз. Ешқандай силикон қамтитын күтім құралдарын пайдаланбаңыз, себебі олар пластик
бөліктерге зақым келтіре алады.
Аккумулятордың контактілеріне тимеңіз және зауыттан тыс қолданылған майды контактілерден
кетіріңіз.
Корпусты сәл суланған шүберекпен ғана тазалаңыз. Ешқандай силикон қамтитын күтім құралдарын
пайдаланбаңыз, себебі олар пластик бөлшектерге зақым келтіруі мүмкін.
Техникалық қызмет көрсету
Көзге көрінетін барлық бөлшектерде зақымдардың бар-жоғын және басқару элементтерінің ақаусыз
жұмысын жиі тексеріп тұрыңыз.
Өнім зақымдалған және/немесе ақаулы болған жағдайда, оны пайдаланушы болмаңыз. Өнімді
міндетті түрде Hilti қызмет көрсету орталығында жөндетіңіз.
Күтім және техникалық қызмет көрсету жұмыстарынан кейін барлық қорғауыш құрылғыларды
орнатып, олардың ақаусыз жұмыс істегенін тексеріңіз.
Қауіпсіз жұмысты қамтамасыз ету үшін тек түпнұсқа қосалқы бөлшектер мен шығын
материалдарын қолданыңыз. Hilti мақұлдаған қосалқы бөлшектер, шығын материалдары мен
өнімге арналған керек-жарақтар Hilti Store дүкенінде немесе келесі веб-сайтта қолжетімді:
www.hilti.group
7.1
Ара таспасының қаптамасын алмастыру
Зақымдар анықталған жағдайда, ара таспасының қаптамасын алмастырыңыз.
1. Ара таспасы қаптамасының бұрандаларын босатыңыз.
2. Зақымдалған ара таспасының қаптамасын алып тастап, кәдеге жаратыңыз.
3. Жаңа ара таспасының қаптамасын таспалы араға орнатыңыз.
4. Ара таспасы қаптамасының бұрандаларын 2-3 НМ моментіне дейін тартыңыз.
7.2
Резеңке сақинаны алмастыру
Зақымдар анықталған жағдайда, резеңке сақинаны алмастырыңыз.
1. Ара таспасын бөлшектеңіз → Бет 180.
2. Резеңке сақинаны алып тастаңыз.
3. Бағыттауыш ойықтардың ластанған-ластанбағанын тексеріп, қажет болса, тазалап шығыңыз.
4. Жаңа резеңке сақинаны ара таспасына арналған роликке қысыңыз.
5. Резеңке сақинаны, ол толықтай бағыттауыш ойықтармен жабылғанша туралай беріңіз.
6. Ара таспасын қайтадан монтаждаңыз → Бет 180.
7.3
Ара таспасының бағыттауышын алмастыру
Зақымдар анықталған жағдайда, мысалы, ара таспасы өзінен кейін фрезерленген ойық қалдырған
жағдайда, ара таспасының бағыттауышын алмастырыңыз.
1. Ара таспасын бөлшектеңіз → Бет 180.
2. Ара таспасы бағыттауышының екі бұрандасын босатыңыз.
*2354067*
5
6
7
2354067
Қазақ
183

Publicité

loading