All manuals and user guides at all-guides.com
• Қабырғаны теледидардан алғанда, міндетті түрде 2 адам көтеруі керек. Дисплейге тура күш салмаңыз.
• Теледидарды орнату үшін алғанда, алып, көлденең деңгейін реттеп немесе қабырғалық аспа жинақты
қисайтып, дисплейге тура салмақ салмаңыз.
• Теледидарды орнатуға дайындағанда, алып, көлденең деңгейін реттеп немесе қабырғалық аспа жинақты
қисайтып, кабельдерге зақым келтірмеу үшін абай болыңыз.
• Қабырғалық аспа жинақты орнатқаннан кейін теледидарға немесе қабырғалық аспа жинаққа көп салмақ
түсірмеңіз. Қабырғалық аспа жинаққа немесе теледидарға немесе теледидардың қосылымына нұқсан келіп,
босап қалуы мүмкін. Мұндай жағдайда қабырғалық аспа жинақты қайта орнатыңыз немесе білікті маманнан
кеңес алыңыз.
• Өнімнің моделін, сонымен қатар әр өніммен берілген пайдаланушы нұсқаулығын тексеріп, оны қабырғаға
орнатуға болатын-болмайтынын тексеріңіз.
– Қабырғаның орнықты екеніне көз жеткізіңіз. Қабырға өте әлсіз болса, оны аспа жинақты орнатпай тұрып
күшейту керек.
– Қабырға цементтен жасалмаған болса, теледидарды орнату алдында маман инженермен ақылдасыңыз.
– Өнім орнатылатын қабырға туралы білмесеңіз, эксперт орнатушыдан ақыл-кеңес алыңыз.
• Құрылғының' жұмысын қамтамасыз ету және ақаулықтарға жол бермеу үшін, оны келесі жерлерге
орнатпаңыз.
– Дірілдеуі немесе соққы алуы мүмкін жерлерге: Құрылғы құлауы және оған зақым келуі мүмкін.
– Спринклер сенсорының қасына: Сенсор теледидардың қызуын анықтап, спринклер іске қосыла бастауы
мүмкін.
– Жоғары қысым кабельдердің қасына: Теледидарға жоғары қысым кабелі әсер етіп, экран дұрыс көрсетпеуі
мүмкін.
– Қыздырғыштардың қасына: Теледидар қатты қызып, дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
– Тік қабырғадан басқа ешбір жерге орнатпаңыз.
– Балалардың қолы жетпейтін жерге орнатыңыз.
– Қабырғаны теледидарды кіріктіріп орнату үшін теспеңіз.
- Қазақ 142 -