Télécharger Imprimer la page

Makita DMP180Z Manuel D'instructions page 223

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 11
ФУНКЦИОНАЛДЫҚ
СИПАТТАМАСЫ
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
реттемес және тексермес бұрын, әрдайым
құралдың өшірулі екендігіне және аккумулятор
картриджінің алынғанына көз жеткізіңіз.
Аккумулятор картриджін орнату
немесе алу
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
орнатпас немесе алмас бұрын, әрдайым
құралды өшіріңіз.
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
орнатқан немесе алған кезде құралды және
аккумулятор картриджін мықтап ұстаңыз.
Құралды және аккумулятор картриджін мықтап
ұстамау, олардың қолыңыздан сырғанап түсіп,
нәтижесінде құралдың және аккумулятор
картриджінің зақымдалуына және жарақат алуға
әкеп соқтыруы мүмкін.
► Сурет1: 1. Қызыл индикатор 2. Түйме
3. Аккумулятор картриджі
Аккумулятор картриджін алу үшін картридждің
алдыңғы жағындағы түймені сырғытып, оны
құралдан сырғытып шығарып алыңыз.
Аккумулятор картриджін орнату үшін, аккумулятор
картриджіндегі тілшені корпустағы жырашықпен
туралап, оны орнына сырғытып салыңыз. Сырт
еткен дыбыс естілмейінше оны орнына итеріп
салыңыз. Егер түйменің жоғарғы жағында қызыл
индикатор көрініп тұрса, демек ол толығымен
құлыпталмаған.
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
әрдайым қызыл индикатор көрінбейтіндей
етіп, толығымен орнатыңыз. Олай жасамаған
жағдайда, ол құралдан кездейсоқ түсіп қалып, сізді
немесе айналаңыздағы адамдарды жарақаттауы
мүмкін.
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
күштеп орнатпаңыз. Егер картридж жеңіл
сырғымаса, демек ол дұрыс салынбаған.
Аккумулятордың қалған қуатын
көрсету
Тек индикаторы бар аккумулятор картриджіне
арналған.
► Сурет2: 1. Индикатор шамдары 2. Тексеру
түймесі
Аккумулятордың қалған қуатын көрсету үшін
аккумулятор картриджіндегі тексеру түймесін
басыңыз. Индикатор шамдары бірнеше секунд
жанып тұрады.
Құралдың функциясын
Аккумулятор картриджін
Аккумулятор картриджін
Аккумулятор картриджін
Аккумулятор картриджін
Индикатор шамдары
Жанып тұру
ЕСКЕРТПЕ: Қолдану жағдайларына және
қоршаған ортаның температурасына қарай
көрсеткіш нақты қуаттан біршама ерекшеленуі
мүмкін.
Құралдың/аккумулятордың
қорғаныс жүйесі
Құрал құралды/аккумуляторды қорғау жүйесімен
жабдықталған. Бұл жүйе құрал мен аккумулятордың
қызмет ету мерзімін ұзарту үшін қуат көзін автоматты
түрде өшіреді. Егер құрал немесе аккумулятор
төмендегі жағдайлардың біреуіне тап болса, құрал
жұмыс барысында автоматты түрде тоқтайды:
Шамадан тыс жүктемеден
қорғаныс
Бұл қорғаныс жүйесі құрал тым жоғары ток
шығаратын күйде жұмыс істегенде іске қосылады.
Бұл жағдайда құралды өшіріңіз және құралдың
шамадан тыс жүктелуіне себеп болған жұмысты
тоқтатыңыз. Содан кейін қайта іске қосу үшін
құралды қосыңыз.
Қызып кетуден қорғаныс
Құрал немесе аккумулятор қызып кетсе, қорғаныс
жұмыс істейді және шам жыпылықтайды. Мұндай
жағдайда, құралды және аккумуляторды іске қайта
қосудан бұрын, оның сууына мүмкіндік беріңіз.
Зарядтың шамадан тыс
таусылуынан қорғаныс
Бұл қорғаныс жүйесі аккумулятордың қалған қуаты
төмендеген кезде іске қосылады. Бұл жағдайда
аккумуляторды құралдан алып тастап, зарядтаңыз.
223 ҚАЗАҚША
Өшірулі
Жыпылықтау
Қалған қуат
75% - 100%
50% - 75%
25% - 50%
0% - 25%
Аккумуляторды
зарядтаңыз.
Аккумулятор
ақаулы
болуы
мүмкін.

Publicité

loading

Ce manuel est également adapté pour:

Dmp180