KAZ
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Судан зақымдалу
қаупі бар! Монтаждау жұмысын білікті
қызметкер немесе одан нұсқау алған,
техникалық тəжірибесі бар ақырғы пай-
даланушы орындауы тиіс!
Осы нұсқау орындалмаған жағдайда кеп-
ілдік өз күшінен айырылады.
Араластырғышты монтаждау немесе
бөлшектеуден бұрын, ауа жеткізу саңы-
лауларын жабыңыз.
Жаңа араластырғышты орнату кезінде,
төсемдердің дұрыс орналасуын тек-
серіңіз. Орнатқаннан кейін барлық кір0-
стердің саңылаусыздығын жəне арала-
стырғыштың дұрыс жұмыс істейтінін тек-
серіңіз.
Құбырлар мен фитингілерді жарамды
нормативтер мен ережелерге сəйкес
монтаждау, тексеру жəне шаю қажет.
– Монтаждау аяқталғаннан кейін, су жарғышты
шешіп, ластанған заттарды (жоңқа жəне қал-
дықтар) алып тастау үшін құбырлар мен ара-
ластырғышты (суық/ыстық су) мұқият жуып
шығыңыз. Жуып болған соң, су жарғышты
орнына қайта орнатыңыз.
– Жүйеде саңылаулар болса, су ағып, үй шару-
ашылығы үшін теріс салдарға себепші болуы
мүмкін. Барлық қосылымдардың саңылаусыз-
дығын мұқият тексеріп шығыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Өнімді
зақымдау қаупі! Жалғағыш шлан-
гілерді тек қана қолмен тартыңыз. Артық
күшпен тарту бұранданың жойылуына
апарып соғуы мүмкін.
Картриджді ауыстыру
Картридж судың қаттылығы мен ластану деңгей-
іне байланысты жылына 1-2 рет ауыстырылатын
шығын бөлшегі болып табылады.
Тазалау
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Өнімді
зақымдау қаупі! Араластырғыш бетін
тазалау үшін металл ысқыштарды пай-
даланбаңыз. Агрессивті тазартқыш
құралдар мен еріткіштерді пайдалан-
баңыз.
Араластырғышқа ерекше күтім қажет. Төмендегі
ұсыныстарды ұстаныңыз:
• Хромдалған беттер əк жұғындарын кетіретін
құралдарға, қышқылды тазалағыш құрал-
дарға жəне барлық абразивті жуғыш құрал-
дарға сезімтал болып табылады.
• Түрлі түсті беттерді абразивті, улы немесе
құрамында спирті бар құралдармен еш
жағдайда тазаламаңыз.
– Араластырғыштарды таза сумен жəне жұмсақ
мата не былғарымен тазалаңыз.
Өнімді кəдеге жарату
Бұл бұйым тұрмыстық қоқысқа түспеуі тиіс! Оны
сəйкесінше кəдеге жаратыңыз. Қажетті ақпаратты
кəдеге жаратумен айналысатын сəйкес ұйымнан
алуға болады.
38
Орамды кəдеге жарату
Орам картоннан жəне қайта пайдалануға
арналған, тиісті түрде белгіленген пла-
стиктен тұрады.
– Бұл материалдар əрі қарай қайта
пайдалану үшін кəдеге жаратуға жатады.
Техникалық сипаттамалар
Артикул нөмірі
Ағын қысымы (ұсынылған)
– 2 бардан жоғары қысым
кезінде, редукциялық
клапанды орнатыңыз!
Су температурасы
Өндірілген күні туралы ақпарат жапсырмада
көрсетілген.
420661
1,5 бар
макс. 80°C