2.1.2
Перфораторлармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар
Барлық жұмыстарға арналған қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар
▶ Қорғауыш құлаққапты киіңіз. Шу әсерінің нәтижесінде есту қабілеті жоғалуы мүмкін.
▶ Аспап жинағына кіретін қосымша тұтқыштарды қолданыңыз. Аспапты басқаруды жоғалту
жарақаттарға әкелуі мүмкін.
▶ Аспаптың жасырын электр сымдарын немесе желілік кабельді зақымдау қаупі болғанда
аспапты оқшауланған беттерінен ұстаңыз. Электр сымдарына тигенде аспаптың қорғалмаған
металл бөліктері кернеу астында болады. Бұл электр тогының соғуына әкелуі мүмкін.
Ұзын бұрғы пайдаланылған кездегі қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар
▶ Бұрғылау әрекетін әрдайым төмен айналу жиілігімен және бұрғы дайындамамен жанасып
тұрғанда ғана бастаңыз. Айналу жиілігі жоғары болған жағдайда бұрғы дайындамамен жанаспай
еркін айналғаннан сәл қисайып кетуі және жарақаттануға апарып соғуы мүмкін.
▶ Шамадан артық қысым қолданбаңыз және тек қана бойлық бағытпен бұрғылаңыз. Бұрғылар
қисайып жарылуы мүмкін немесе бақылау мүмкіндігінен айырылып, жарақат алуыңыз мүмкін.
2.1.3
Қауіпсіздік техникасы бойынша қосымша нұсқаулар
Адамдардың қауіпсіздігі
▶ Аспап конструкциясына өзгертулер енгізуге және оны модификациялауға тыйым салынады.
▶ Майланған тұтқыштарды дереу тазалаңыз, олар құрғақ және таза болуы керек.
▶ Бүйірлік тұтқыш дұрыс орнатылғанын және берік бекітілгенін тексеріңіз. Әрқашан аспапты
екі қолмен тұтқыштарынан берік ұстаңыз.
▶ Аспап шаңсорғышсыз пайдаланылған кезде респираторды қолданыңыз.
▶ Жұмыс уақытында қолдар терлемеуі үшін саусақтарды босату және жаттықтыру үшін
үзілістер жасаңыз.
▶ Аспапты әлсіз адамдарға нұсқаусыз пайдалануға тыйым салынады.
▶ Аспапты балалардан алшақ ұстаңыз.
▶ Аспаптың айналатын бөлшектеріне тимеңіз. Аспапты тек жұмыс аймағына әкелгеннен кейін
ғана қосыңыз. Айналатын түйіндерге, әсіресе айналатын қондырмаларға тию жарақаттарға әкелуі
мүмкін.
▶ Жұмыс кезінде желілік және ұзартқыш кабельдердің әрқашан аспаптың артында болуын
бақылаңыз. Бұл жұмыс уақытында оларға шалыну қаупін азайтады.
▶ Құрамында қорғасын бар материалдарды, ағаштың кейбір түрлерін, минералдарды және
металдарды өңдеу кезінде пайда болатын шаң денсаулыққа қауіп тудыруы мүмкін. Мұндай шаңның
бөлшектерімен дем алу немесе оларға тию аллергиялық реакциялардың және/немесе дем алу
жолдары ауруларының пайда болуына әкелуі мүмкін. Кейбір шаң түрлері (мысалы, еменді немесе
шамшатты өңдеу кезінде пайда болатын шаң) канцерогенді деп есептеледі, әсіресе ағашты өңдеу
үшін қолданылатын қосымша материалдармен (хром қышқылының тұзы, ағашты қорғау заттары)
тіркесімде.
Құрамында асбест бар материалдарды өңдеуді тек мамандар орындауы керек.
Мүмкін болса, жарамды шаңсорғыш аппаратты қолданыңыз. Ол үшін бұл электр құралды
Hilti компаниясы ағаш үгінділерін және/немесе минералдық шаңды тазалау үшін ұсынылған
тиісті тасымалды шаңсорғышпен тіркесімде қолданыңыз.
желдетілуін қамтамасыз етіңіз. Өңделетін материалдар бойынша еліңізде қолданылатын
нұсқауларды орындаңыз.
▶ Электр қамтуды беруді өшіргенде аспапты өшіріңіз және желілік кабель ашасын розеткадан
шығарыңыз. Қажет болғанда негізгі сөндіргішті бұғаттаудан шығарыңыз. Бұл электрмен қамту
қалпына келтірілгенде аспаптың өздігінен қосылуын болдырмайды.
Электр қауіпсіздігі
▶ Жұмысты бастау алдында жұмыс орнында жасырын электр сымдарының, газ және су жүргізу
құбырларының бар-жоғын тексеріңіз, мысалы, металл іздегіш көмегімен. Электр сымдарына
кездейсоқ тиіп кетсе, аспаптың ашық металл бөліктері электр тогының өткізгіштеріне айналуы
мүмкін. Бұл кезде электр тогының соғу қаупі пайда болады.
▶ Аспаптың желілік кабелін тұрақты түрде тексеріңіз және зақымдалған кабельді ауыстыру
үшін тәжірибелі электрші маманды шақырыңыз.
зақымдалған жағдайда оны арнайы дайындалған және рұқсат етілген кабельге ауыстыру
керек. Оған клиенттерге қызмет көрсету бөлімі арқылы тапсырыс беруге болады. Ұзартқыш
кабельдерді тұрақты түрде тексеріңіз және зақымдар бар болғанда оларды ауыстырыңыз.
Жұмыс кезінде желілік немесе ұзартқыш кабель зақымдалған жағдайда оған тиюге тыйым
салынады. Желілік кабельді розеткадан шығарыңыз. Ақаулы электр қуаты кабельдері және
ұзартқыш кабельдер электр тогының соғу қаупін тудырады.
74
Қазақ
Жұмыс аймағының жақсы
Электрлік құралдың байланыс кабелі
2121692
*2121692*