Сақтандырулар Мен Кеңестер; Жалпы Қауіпсіздік; Қоқысқа Тастау; Сақтау Және Тасымалдау Шарттары - Hotpoint Ariston CAWD 129 Mode D'emploi

Lavante-séchante
Masquer les pouces Voir aussi pour CAWD 129:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 29
Сақтандырулар мен
кеңестер
!
Бұл кір жуғыш-кептіргіш машина халықаралық қауіпсіздік
ережелеріне сай өңделіп шығарылған. Төмендегі ақпарат
қауіпсіздік ережелерін ескерту мақсатында берілген және
оны мұқият оқып шығу қажет.
Жалпы қауіпсіздік
• Дозволяється використання цієї
сушильної машини з боку осіб (включаючи
дітей віком від 8 років і старше) з
обмеженими фізичними, сенсорними
або розумовими здібностями, а
також з боку осіб без необхідного
досвіду і навичок, якщо вони перебувають
під наглядом або отримують інструкції
щодо експлуатації приладу від особи,
відповідальної за їх безпеку.
- Кептіргіш ішінде жуылмаған заттарды
кептірмеңіз.
- Ас майы, ацетон, спирт, бензин, керосин, дақ
кетіргіштер, скипидар, балауыз бен балауыз
кетіргіштері сияқты заттармен кірленген нәрселерді
кептіргіште кептіруден бұрын көбірек жуғыш зат қосып,
ыстық суда жуу керек.
- Пенопласт (латекс көбігі), душ қалпақтары, су өткізбейтін
маталар, резеңке қосылған маталар мен киімдер немесе
пенопласт төсемдері бар жастықтарды кептіргіште
кептіруге болмайды.
- Кондиционерлерді немесе оған ұқсас өнімдерді
кондиционер нұсқауларына сәйкес қолдану керек.
- Кептіргіш циклының соңғы бөлігі қызусыз
орындалады (салқындату циклы), солайша заттар
зақымдалмайтын температурада ұсталатыны
қамтамасыз етіледі.
ЕСКЕРТУ: Барлық заттар жылдам алынып, қызу
шашылып кететіндей таратылмаса, кептіру циклы
аяқталмағанша кептіргішті тоқтатушы болмаңыз.
• Кір жуғыш машинаны осы нұсқаулықта берілген
нұсқауларды сақтайтын үлкендер ғана пайдалануы керек.
• Бұйымға ылғал қолдармен, жалаң аяқ немесе ылғал
киіммен жанаспаңыз.
• Ашаны розеткадан шығару үшін қоректендіруші
кабельді тартпаңыз: ашадан ұстаңыз.
• Машина жұмыс істеп тұрғанда жуғыш құралдарды
бөлгішті ашпаңыз.
• Ағызатын суға тимеңіз, оның температурасы өте
жоғары болуы мүмкін.
• Машина тоқтағаннан кейін оның есігі үш минуттан
кейін ашылады. Бұл уақыт аралығында есікгін ашуға
тырыспаңыз (сондай-ақ аспап жұмыс істеп тұрғанда!):
бұл тосқауыл механизмін зақымдауы мүмкін.
• Қандай жағдайда да ақау пайда болғанда оны жөндеуге
әрекет жасап, машинаның ішкі бөлігіне тиіспеңіз.
• Балалардың жұмыс істеп тұрған кір жуғыш машинаға
жақындамауын қадағалаңыз.
• Кір жуу кезінде кір жуғыш машинаның есігі қызып
кетуі мүмкін.
• Егер кір жуғыш машинаның орнын ауыстыру керек
болса, оны екі-үш адам болып, барынша абайлап
жасау керек. Ешқашан да машинаны жалғыз өзіңіз
көтермеңіз – аспап өте ауыр.
• Кір жуғыш машинаға кір бұйымдарды салар алдында
барабанның бос екеніне көз жеткізіп алыңыз.
• Кір жуғыш машина физикалық, сезімталдық немесе
ақыл-ой қабілеті төмен (балаларды қоса алғанда)
немесе өмірлік тәжірибесі немесе білімі жоқ
адамдардың пайдалануына арналмаған, егер олар
бақылауда болмаса немесе олардың қауіпсіздігіне
жауап беретін адам аспапты пайдалану туралы
нұсқаулық бермесе. Балалар кір жуғыш машинамен
ойнамас үшін, қадағалауда болулары керек.
Қоқысқа тастау
• Орама материалдарын қоқысқа тастау: ораманың
қайта пайдаланылуы мүмкін болатындай жергілікті
ережелерді орындаңыз.
• Электр және электроникалық құралдардың
қалдықтарына қатысты 2012/19/EU - WEEE Еуропа
заңнамасына сәйкес үй құрылғылары қалыпты
сортталмаған қалалық қалдық ағымымен бірге
жойылмауы тиіс. Қоршаған орта мен адам денсаулығына
тиетін зиянның алдын ала отырып, ескі құрылғылар
қайта пайдалануды және қайта өңдеуді оңтайландыру
мақсатында бөлек жиналуы керек. Өнімдегі сызылған
«доңғалақты қоқыс жәшік» сізге құрылғыны тастаған
уақытта бөлек жиналуы туралы есіңізге салады. Ескі
құрылғыларды дұрыс тастау жөнінде ақпарат алу
үшін пайдаланушылар жергілікті өкілдеріне немесе
сатушыларына хабарласулары керек.
Есікті қолмен ашу
Ток өшіп қалғанға байланысты есікті ашу мүмкін
болмаса және кірлерді алғыңыз келсе, төмендегі
әрекеттерді орындаңыз:
1. айырды розеткадан
ағытыңыз.
2. құрылғы ішіндегі судың деңгейі есік саңылауынан
төмен екеніне көз жеткізіңіз; олай болмаса, ағызу
түтігінің көмегімен, суретте көрсетілгендей, артық суды
шелекке ағызып алыңыз.
3. пластикалық арқалық өзінің тоқтау позициясынан
босағанша, суретте көрсетілгендей, ілмектің көмегімен
сыртқа қарай тартыңыз; төмен қарай тартып, бір уақытта
есікті ашыңыз.
Сақтау және тасымалдау шарттары
• Буып түйілген кір жуғыш машина табиғи түрде
желдетілетін, ылғалдығы 80 %-дан аспайтын жабық
жайда сақталуы тиіс. Кір жуғыш машина ұзақ уақыт
бойы қолданылмайтын болса және жылытылатын
жайда сақталса, ішіндегі суды толығымен ағызу керек.
Тасымалдамас бұрын кір жуғыш машинаның
барабанына зақым келмеуі үшін, тасымалдау
бұрандаларын машинадағы төлкелерге бекіту керек.
Кір жуғыш машина бір орынға мықтап бекітіліп, кез
келген жабық көлікпен тік қалыпта (жұмыс істеген
кездегі қалпы) тасымалдануы тиіс. Тиеген және
түсірген кезде кір жуғыш машинаға механикалық соққы
тигізуге ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
KZ
77

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières