4. Қосылған құрылғыларды орнату жəне жалғау
Жалғау ыңғайлы болатын жерлерде сол
жəне оң жақтағы тіреуіш бағандарының
артқы жағындағы алты бекіту тесіктерінің кез
келгеніне бес бекіткішті кіргізіңіз. Суретте
көрсетілгендей етіп жалғаңыз.
Тіреуіш бағандарының бүйірлеріндегі жəне
артқы жағындағы жəне басқа жерлердегі
пайдаланылмайтын қосымша тесіктерді
стикерлермен жабыңыз.
Ескертпе
Жалғау кабельдерін жəне қуат сымын бірге
орамаңыз.
5. Құлап түсуді болдырмау
Құрылғының құлап кетпеуіне жол бермеу
үшін, сол жəне оң жақтағы тіреуіш
бағандарын берік сыммен немесе жіппен
плазмалық дисплейдің жоғарғы жəне төменгі
кронштейндерінің арасынан өткізіп бекітіңіз
жəне оларды мықтап берік тірекке немесе
қабырғаға бекітіңіз.
(Құлап түсуді болдырмау үшін сатылымда
бар жіпті немесе сымды пайдаланыңыз.)
Тірек немесе қабырға мен плазмалық
дисплейдің артқы жағының аралығы 1 м
немесе одан аз болуы тиіс.
[Қауіпсіздік мақсаттарда үнемі төңкеруден/құлаудан сақтау керек-
жарақтарын пайдаланыңыз]
Құрылғы жер сілкінісі кезінде төңкеріліп кетуі мүмкін. Сондықтан, үнемі төңкеруден/құлаудан сақтау керек-
жарақтарын пайдаланыңыз.
* Бұл бөлімдегі мəліметтер жер сілкінісіне байланысты осы құрылғының төңкеріліп түсуі немесе
құлауына салдарынан туған кез келген зияндар мен жарақаттарды азайту жолдарын көрсетеді. Алайда,
төңкеруден/құлаудан сақтау керек-жарақтары барлық жер сілкіністері кезінде тиімді болатынына кепілдік
жоқ.
All manuals and user guides at all-guides.com
Бекіткіш
Қуат сымы жəне əр
түрлі кабельдер
Жабын стикерлері
Қуат сымы
жəне əр түрлі
кабельдер
Сатылымда бар берік
жіп немесе сым
101