Oral-B PROFESSIONAL CARE OXYJET+1000 Manuel page 66

Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 9
Қазақша
Осы тіс щеткасын пайдалану алдында пайдалану
жөніндегі нұсқаулықты мұқият оқуды өтінеміз.
МАҢЫЗДЫ
• Берілген қондырғы суға немесе еденге түсіп
кетпейтіндей орнатылуы тиіс. Штекер әрдайым
қол жетімді жерде орналасуы шарт.
• Үнемі электр қосылу сымының үзілмеуін
тексеріп отырыңыз. Егер үзілгенін байқасаңыз
зарядтау құралын Oral-B Braun қызмет көрсету
орталығына апарыңыз. Зақым келген немесе
бұзылған құралды қолданбаңыз.
• Бұл зат 12 жасқа дейінгi балаларға қолдануға
арналмаған.
• Бұл құрал балалар мен қабiлеттері мен
мүмкіндіктері шектелген жандарға да
қолдануға арналмаған, тек олардың жалпы
қауіпсіздігіне жауапты жандардың
бақылауында болған жағдайдан басқа.
Балалардан аулақ сақтау керек.
• Бұл затпен балаларға ойнауға рұқсат
бермеңіз.
• Егер тіс щеткасын түсіріп алсаңыз, ешқандай
көзге көрінер зақым келмесе де, келесі
пайдаланардың алдында қондырғысын
ауыстыру қажет.
• Зарядтау құралын раковина не ваннаға түсіп
кету қаупі бар жерге қойып сақтамаңыз.
• Зарядтау құралын суға немесе басқа
сұйықтыққа салмаңыз.
• Суға түсіп кеткен зарядтау құралын алуға
тырыспаңыз. Жедел түрде оны электр
қорегінен ажыратыңыз.
• Өзіңіз жеке бұл құралды жөндеп -өңдеуге
тырыспаңыз. Ол жанып кетуі, не электр соғуы,
не зақым келтіруі мүмкін. Бұл құралды жөндеу
қажет болған жағдайда осы тауардың
сатушысына немесе Oral-B қызмет көрсету
орталығына бару керек. Бұл құралды батарей-
касын ауыстырғаннан басқа жағдайда өзіңіз
жеке шешуге тырыспаңыз.
• Батарейканы ауыстырған жағдайда өте
мұқият болыңыз, (+) және (–) қосылу
байланыстарын тұйықтап алмаңыз.
• Осы құралдың/зарядтау құралының тесігіне
бөтен зат кіргізбеңіз.
• Электр қорегі сымының штекерін су
қолыңызбен ұстамаңыз. Тоқ соғуы мүмкін.
• Электр қорегінен ажыратқан кезде үнемі
сымның өзі емес штекерден ұстаңыз.
• Осы құралды осы нұсқаулықта көрсетілген
мақсатта ғана пайдаланыңыз. Шығарушы-
фирма көрсетпеген қосымша бөлшектерді
қолданбаңыз.
• Егер сіз тісіңізді емдетіп жүрсеңіз, онда осы
тіс щеткасын пайдаланбастан бұрын сіздің тіс
дәрігеріңізбен кеңесіңіз.
Сипаттамасы
Тіс щеткасы
1 Зарядтаушы құрылғының тұғыры
2 Зарядтың төменгі деңгей индикаторы
3 Заряд деңгейінің индикаторы
4 Тіс щеткасының қолсабы (аккумуляторлық)
5 Қосу/өшіру түймешігі
6 Қысым көрсеткішінің индикаторы
7 Ауыспалы қондырма («Ауыспалы
қондырмалар мен жабдықтар» тарауын
қараңыз)
8 Қондырмаларға арналған контейнер
Ирригатор
9 Қондырмалар контейнері
10 Ирригатор қондырмасы
11 Ирригатор режимдерін айырып-қосқыш
12 Қондырманы шешу түймешігі
13 Қосу/өшіру түймешігі
14 Су қысымының реттегіші
15 Суды қосу/өшіруге арналған қолсап айырып-
қосқышы
16 Ирригатор қолсабы
17 Суға арналған контейнер (600 мл)
18 Сымжеліні сақтау бөлімшесі
Ерекшелігі:
Электр қорегінің ерекшелігі туралы зарядтау
құралының астынан оқыңыз.
A Электр щеткасын пайдалану
Қосу және зарядтау
Сіздің щеткаңыздың сабынан су өтпейді,
қауіпсіз, сондықтан сіз оны жуынатын бөлмеде
пайдалана аласыз.
• Зарядтау құралын немесе жиналған зарядтау
құралын электр тогына қосыңыз да қолсабын
(4) зарядтау құралына қойыңыз (1) (a).
• Тұтқасы заряд алып жатқан кезде заряд (3)
деңгейінің жасыл индикаторы жыпылықтайды.
Тұтқа толық зарядталып біткеннен кейін
зарядтаушы құрылғының жасыл индикаторы
5 секунд бойына үздіксіз жанып тұрады да,
содан соң сөнеді. Аккумулятор толық
зарядталғаннан кейін Сіз тісіңізді щеткамен
шамамен 1 апта (күніне 2 рет, 2 минуттан),
заряды толық біткенге дейін тазалауыңызға
болады. Заряд деңгейін тексеру үшін,
индикатор сөнгеннен кейін тұтқаны қысқа
мерзімге көтеріп, қайтадан зарядтаушы
құрылғыға қойыңыз. Егер тұтқа толық
зарядталса, заряд индикаторы 5 секунд бойы
жанып тұрады да, содан соң сөнеді.
• Аккумулятордың зарядының аса төмен
деңгейінде қызыл көрсеткіш (2), жанады да,
құралды өшіргеннен кейін ол жыпылықтай
бастайды.
67

Publicité

Table des Matières
loading

Ce manuel est également adapté pour:

Professional care oxyjet+3000

Table des Matières