Батарея жинағын зарядтау
•
Шағын USB қосқышын компьютердің USB портына немесе USB
қуат адаптеріне жалғау үшін берілген кабельді пайдаланыңыз
(1-сурет).
Зарядтау үдерісі автоматты түрде қосылады. Зарядтау
үдерісінің деңгейін төрт шам жыпылықтау (батарея зарядталу
барысында) немесе үздіксіз жанып тұру (батарея жинағы толық
зарядталған соң) арқылы білдіреді. Барлық төрт шам бір уақытта
жыпылықтаса, зарядтау үдерісінің аяқталғанын білдіреді.
•
Зарядтау әрекеті аяқталғаннан кейін зарядтағышты желілік
розеткадан суырып тастаңыз.
Құрылғыны зарядтауҚұрылғыны зарядтау
m
САҚТЫҚ!
•
Құралдарыңызды әрбір құралға арналған нұсқаулық
ережелеріне сәйкес зарядтаңыз. Осында берілген
барлық нұсқауларды орындаңыз.
•
Барынша ұйғарынды зарядтау тоғының мәні 2,1 А
шегінен асып кетпегеніне көз жеткізіңіз.
•
Зарядталатын құрылғыны батареялар жинағындағы зарядтау
портына қосыңыз (2-сурет).
Ол үшін, осы өнімнің өз USB кабелін пайдаланыңыз.
•
Құрылғы толық зарядталған кезде немесе батарея жинағы
толығымен разрядталған кезде батарея жинағы автоматты түрде
өшіріледі.
•
Батарея жинағының зарядтау деңгейін кез келген уақытта төрт
заряд деңгейінің индикаторына қарап тексеруге болады. Бұл үшін
түймешікті басыңыз (3-сурет).
92
KK