STERWINS 20 VHT2-50.1 Notice De Montage, Utilisation Et Entretien page 158

Taille haie à batterie 50cm
Masquer les pouces Voir aussi pour 20 VHT2-50.1:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 3
• Электр құралын пайдаланған кезде, балалар мен бөгде адамдар
алшақ тұруы қажет. Басқа нəрсеге алаңдау салдарынан құралды басқара
алмай қалуыңыз мүмкін.
2.5 ЭЛЕКТР ЖҮЙЕЛЕРІН ПАЙДАЛАНУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ
• Электр құралының ашалары розеткаға сəйкес келуі қажет. Ашаны
еш уақытта өзгертпеңіз. Ешқандай адаптер штепсельдерін жерге
тұйықталған электр құралдарымен бірге пайдаланбаңыз. Өзгертілмеген
ашалар мен сəйкес келетін розеткалар электр тогының соғу қаупін азайтады.
• Құбырлар, радиаторлар, газ плиталары жəне тоңазытқыштар
сияқты жерге тұйықталған заттарға денеңізді тигізбеңіз. Денеңіз жерге
тұйықталған заттармен жанасса, электр тогының соғу қаупі артады.
• Электр құралдарын жаңбырдан жəне ылғалдан сақтаңыз. Электр
құралына су кірсе, электр тогының соғу қаупі артады.
• Сымды тек орнымен пайдаланыңыз. Электр құралының сымын оны
тасымалдау, тарту немесе қуат көзінен ажырату үшін пайдаланбаңыз.
Сымды жоғары температурадан, майдан, өткір шеттерден немесе
жылжымалы бөлшектерден алшақ ұстаңыз. Зақымдалған немесе
шатасқан сымдар электр тогының соғу қаупін арттырады.
• Электр құралын далада пайдаланған кезде, далада пайдалануға
жарамды ұзартқыш сымды пайдаланыңыз. Далада пайдалануға
арналған сымды пайдаланғанда, электр тогының соғу қаупі азаяды.
• Ылғал жерде электр құралын пайдалануға тура келсе, қорғанысты
өшіру құрылғысымен (ҚӨҚ) қорғалған жабдықты пайдаланыңыз. ҚӨҚ
құрылғысын пайдаланғанда, электр тогының соғу қаупі азаяды.
2.6 ЖЕКЕ ҚАУІПСІЗДІК
• Электр құралын пайдаланған кезде абай болыңыз, іс-əрекетіңізге
байыптылықпен қарап, зейін қойыңыз. Шаршап тұрсаңыз немесе
есірткі, ішімдік не дəрі-дəрмек қабылдаған болсаңыз, электр құралын
пайдаланбаңыз. Электр құралдарын пайдаланған кезде, зейін қоймау
салдарынан ауыр дене жарақатын алуыңыз мүмкін.
• Жеке қорғаныс жабдығын пайдаланыңыз. Қорғаныс көзілдірігін
үнемі тағып жүріңіз. Шаңнан қорғайтын маска, сырғанамайтын арнайы
аяқ-киім, берік каска немесе есту мүшесін қорғайтын құрал сияқты қорғаныс
жабдығын сəйкес жағдайларда пайдаланғанда жеке жарақат алу қаупі
азаяды.
• Электр құралының абайсызда іске қосылуына жол бермеңіз. Қуат
көзіне жəне/немесе батареяға қоспас бұрын, құралды жинамай
не тасымалдамай тұрып, ауыстырып-қосқыштың өшірулі күйде
болуына көз жеткізіңіз. Электр құралдарын ауыстырып-қосқышынан
159
FR
ES
PT
IT
EL
PL
RU
KZ
UA
RO
BR
EN

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières