100 progress
Күтімі
Ескерту! Кез келген тазалау
немесе техникалық қызмет ету
операциясын жасаудан бұрын,
вилканы шығарып немесе
бөлменің басты ажыратқышын
суырып сорғышты электр желісінен
ажыратыңыз.
Сорғыш ішінен жəне сыртынан жиі
тазаланып тұруы қажет (кем дегенде
шамамен майды ұстап қалатын
фильтрді тазалау мерзіміне сəйкес).
Тазалау үшін бейтарап жуғыш
затпен суланған арнайы шүберекті
пайдаланыңыз. Абразиялық қоспасы
бар затты пайдаланбаңыз.
СПИРТТІ ПАЙДАЛАНБАҢЫЗ!
Ескерту: Фильтрді ауыстыру жəне
аспапты тазалау ережелерінің
сақталынбауы өрттің пайда
болуына əкелуі мүмкүн. Сондықтан
берілген нұсқаумен пайдалануға
кеңес береміз.
Жоғарыда көрсетілген ескертулерді
сақтамағандықтан немесе дұрыс емес
жөндеу салдарынан болған өрт немесе
қозғауыштың бүлінуіне байланысты
барлық жауапкершілік алынады.
Майды ұстап қалу фильтрі
1-17 сурет
Фильтрді ай сайын агрессивті емес
жуғыш заттармен, қолмен немесе
ыдысжуғыш машинада, төмен
температурада, үнемді тазалау
тəртібінде жуу керек. Ыдысжуғыш
машинада жуылған май ұстайтын
фильтр түссізденуі мүмкін, бірақ одан
оның сүзгіш қасиеті мүлде өзгеріссіз
қалады.
Көмірлі фильтр
(тек рецеркуляция тəртібінде)
16 сурет
Type 20 LONG LIFE - жуылатын
көмірлі фильтр.
Көмірлі фильтрді жылы суда, тиісті
жуғыш заттарымен немесе 65°
С температурада ыдыс жуғыш
машинасында (ыдысжуғыш
машинасына ыдыс салмай, толық
жуу циклін орындаңыз) екі ай сайын
тазалауға болады.
Фильтрге зақым келтірмейтіндей етіп
артық қалған суды абайлап алып
тастаңыз, содан кейін пластмасс
рамадан жастықшаларды шешіп 100°
С–та 10минуттай пештің ішінде толық
кепкенінше ұстаңыз.
Матасы бүліне салысымен
жастықшаларды 3 жыл сайын
ауыстырып тұрыңыз.
Type 15 - Жуылмайтын көмірлі
фильтр
Көмірлі фильтрдің қанығуы ұзақ
пайдалану мерзімінің қысқа немесе ұзақ
өтуіне байланысты болады, ол ас үйдің
түрі мен майды ұстайтын фильтрді
ұстанылған мерзімділік тазалаумен
алдын ала анықталады. Қандай жағдай
болса да, картриджді кем дегенде 4
айда бір рет ауыстырыңыз.
Көмірлі фильтрді жууға болмайды жəне
де регенерецияға жарамсыз.
Лампаны ауыстыру
18 сурет
Аспапты электр жүйесінен өшіріңіз
Ескерту! Лампаны ұстаудан
бұрын, олар суығандығына көз
жеткізіңіз.
12В -20Вт максималді - G4 тек
галогендік лампаларды ғана
қолданыңыз. Лампалардға қолыңызды
тигізбеңіз.