Электрондық программатор
Электрондық
программатор
• Қажетті функцияны таңдау үшін А сенсорын басыңыз. Таңдалған функцияның белгісі
дисплейде жылдам жыпылықтай бастайды, енді сіз функция параметрлерін орната
немесе өзгерте аласыз. 5 секундтан кейін белгі баяу жыпылықтай бастайды, дисплейде
функцияның орнатылған уақыты көрінеді.
• Белгілерге жарық түсуі функция таңдалғанын көрсетеді, бірақ оның уақыты дисплейде
индикацияланбайды. Дисплейде сіз орнатқан соңғы функция көрінеді.
• Сенсорға басылған сайын қысқа дыбыс сигналымен расталады.
• Егер В «–» немесе С «+» сенсоры ұсталса, мəн жылдамырақ ауысатын болады (тиісті түрде
көтеріледі немесе азаяды).
• Духовкі электр желісіне қосылған соң жəне электр қуаты өшкен жағдайда дисплейде
META немесе GLAS жазбасы бірнеше секунд көрінеді, бұдан кейін дисплей біраз уақыт
жыпылықтайды. Духовкі жұмыс істеуі үшін ағымдағы уақытты В жəне С сенсорларымен
орнату керек.
• Электр қуаты 2 минуттан аз уақытқа өшкенде программатордың барлық орнатылымдары
сақталады жəне духовкі жұмысын автоматты түрде жалғастырады (қосылып тұрса).
Аспапты алғашқы рет қосқан соң жəне электр қуаты өшкен
жағдайда ағымдағы уақытты орнату керек.
Ағымдағы уақыт орнатылмай, духовкіні
пайдалануға болмайды.
Егер аспап духовкінің енгізілген өшіргішімен жабдықталмаса,
қыздыру элементтері духовкінің есігі ашық тұрғанда жұмыс
істеуі мүмкін. Күйіп қалу қаупі бар!
Сенсорлар:
A Функцияларды таңдау жəне растау
B Сенсор «–»
C Сенсор «+»
Индикаторлар:
1 Əзірлеу ұзақтығы
2 Əзірлеудің аяқталуы
3 Оятқыш (хабарландыру функциясы)
4 Сағат
5 Қорғаныс құрсаулау
6 Сандық дисплей
сенсоры
KZ
91