98 Қазақ
5
Ашаны қабырғадағы розеткаға қосыңыз (7-сурет).
6
Құралды қосу үшін қосу/өшіру түймесін басыңыз. Осы кезде қосу/өшіру түймесіндегі жарық
жанады (8- 8).
Ескерту: Кофе қайнатып жатқанда, құралды өшірмес бұрын су ыдысы, сүзгі ұстағыш,
плита мен кофе құйылған шыны құмыра ыстық болады.
7
Құрал су ыдысы толығымен босағанша жұмыс жасауы керек (9-сурет).
Ескертпе: Қайнатқаннан кейін су ыдысында кішкентай су мөлшері қалып қалуы мүмкін.
Бұл тағамдық тот баспайтын болаттан жасалған плитадағы қалыпты және қауіпсіз жағдай
болып табылады.
8
Шыны құмыраны босатып, қағаз сүзгіні қақ қалдықтарымен бірге алыңыз (20- сурет).
9
Су ыдысын таза суық сумен MAX (Макс) көрсеткішіне дейін толтырыңыз (4- сурет).
10 Құралды қосып, қайнату процесінің аяқталуын күтіңіз (9- сурет).
11 Құмыраны босатыңыз (10- сурет).
Ескертпе: құрылғыдан шығатын судан сірке суының дәмі немесе иісі кеткенше 9, 10, 11
қадамдарын қайталай беріңіз.
Керек-жарақтарға тапсырыс беру
Керек-жарақтарды немесе қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін
www.philips.com/parts-and-accessories мекенжайы бойынша өтіңіз немесе Philips дилеріне
хабарласыңыз. Сонымен қатар, еліңіздегі Philips тұтынушыға қолдау көрсету орталығына
хабарласа аласыз (байланыс мәліметтерін халықаралық кепілдік парақшасынан қараңыз).
Кепілдік және қолдау көрсету
Егер сізге ақпарат немесе қолдау қажет болса, www.philips.com/support сайтына кіріңіз немесе
халықаралық кепілдік парақшасын оқыңыз.
Өңдеу
-
Бұл таңба осы өнімді қалыпты тұрмыстық қалдықпен тастауға болмайтынын білдіреді
(2012/19/EU) (21- сурет).
-
Электрондық және электр өнімдерін бөлек жинау бойынша жергілікті ережелерді
орындаңыз. Дұрыс тастау қоршаған ортаға және адам денсаулығына кері әсерін тигізбеуге
көмектеседі.
Ақауларды жою
Бұл тарауда құралда жиі кездесетін мәселелер аталып өтеді. Төмендегі ақпараттың көмегімен
мәселені шеше алмасаңыз, жиі қойылатын сұрақтар тізімін көру үшін www.philips.com/support
торабына кіріңіз немесе еліңіздегі Тұтынушыларды қолдау орталығына хабарласыңыз.
Мәселе
Құрал жұмыс істемейді.
Құралдан су ағады.
Құрал кофені жасауға өте көп уақыт
жұмсайды.
Шешім
• Құралды электр қуатына жалғап, қосыңыз.
• Құралда көрсетілген қуат, жергілікті тоқ қуатына
сәйкес болуы тиіс.
• Су ыдысына су құйыңыз.
• Су құтысына MAX (Макс) деңгейінен асырып су құюға
болмайды.
• Құрылғы қағын түсіріңіз.