Télécharger Imprimer la page

Samsung EF-NG991 Mode D'emploi page 218

Publicité

Жұмысты бастамас бұрын
оқыңыз
Қауіпсіз әрі дұрыс пайдалану үшін құрылғыны пайдаланбас бұрын осы нұсқаулықты оқып
шығыңыз.
• Суреттер нақты өнімнен ерекшеленуі мүмкін. Мазмұн алдын ала ескертусіз өзгертілуі
мүмкін.
• LED View Cover қақпағын пайдалану алдында ол сіздің құрылғыңызбен үйлесетіндігіне
көз жеткізіңіз.
• LED терезе функциялары, экранды автоматты қосу/өшіру мүмкіндігі немесе Theme
Curation қызметі белсенді болып табылатын құрылғыны пайдаланбас бұрын NFC
функциясының дұрыс жұмыс істеп тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Егер сіздің құрылғыңызда Mobile Device Management (MDM) бағдарламалық
жасақтамасы жұмыс істесе немесе құрылғы металдан жасалған заттың жанында болса,
NFC мүмкіндігі дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
• Егер алдыңғы қақпақты аударып, онымен мобильді құрылғының артқы жағын жапсаңыз,
NFC мүмкіндігі дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
• LED View Cover тысының магниттері бар. Магнитті жолағы бар карталарды LED View
Cover тысының қалтасында ғана сақтаңыз.
• Wireless PowerShare зарядпен сымсыз бөлісу атқарымын қолданудың алдында,
құрылғының тысын алып тастау ұсынылады.
• Мобильді құрылғыны Samsung сымсыз зарядтағышы (EP-PG950) арқылы сымсыз
зарядталса және осы өнім тіркелсе, зарядтағышты тақта режимінде пайдалану
ұсынылады.
• UWB мүмкіндігін қолданудың алдында құрылғы тысының қақпағын артқа қайырмаған
жөн.
• Егер өнім ылғалдың немесе өте ыстық температураның әсеріне ұшыраса, оған ацетон
немесе спирт сияқты еріткіштер тиіп кетсе, онда дақтар, қатпарлар пайда болып, ол
пішінін немесе түсін өзгертуі мүмкін.
• Тысты қолдану кезінде оған құрылғыны сызаттауы немесе бүлдіруі мүмкін кірдің тиіп
кетуіне жол бермеуге тырысыңыз.
Қазақ тілі
1
1

Publicité

loading

Ce manuel est également adapté pour:

Ef-ng996Ef-ng998Ef-ng991pbegewEf-ng991pjegew