Радиотелеграфия заңының ережелері
Радиотелеграфия заңында келесі əрекеттерге тыйым салынған.
•
Өзгерту жəне бөлшектеу (антеннаны қоса)
•
Сəйкестілік заттаңбасын алып тастау
Халықаралық жиһангездік бойынша сақтық шаралары
Сымсыз құрылғылар пайдаланылатын елдердің арна мен жиілік
шектеулеріне сəйкес болу үшін жасақталған. Бұл құрылғы сату елінің
сипаттамаларына негізделген. Егер бұл құрылғы сату елінен тыс
пайдаланылса, қосымша ақпаратты дилермен тексеріңіз.
Сымсыз жергілікті желіні пайдалану кезіндегі қауіпсіздікке
қатысты ескертпелер
(Тұтынушы құқықтары туралы маңызды ақпарат (құпиялылықты сақтау))
Сымсыз жергілікті желі не жергілікті желі кабелін пайдаланудың
артықшылығы - ақпараттың радио сигналдары арқылы алмасуы, радио
сигналдарының ауқымында болғанда желіге оңай қосылуыңыз мүмкін.
Мұның кемшілігі - белгілі ауқым ішінде, электрмагниттік сигналдар
қабырғалар сияқты бөгеулер арқылы өтуі мүмкін, сондықтан кері қауіпсіздік
шаралары белгілі бір жолмен іске асырылмаса, мұндай мəселелер пайда
болуы мүмкін.
•
Байланыс дерегі ұстап алынуы мүмкін
Үшінші тарап рұқсатсыз сымсыз таратылымдарды қабылдауы мүмкін
жəне олар осы таратылымдардан идентификаторлар, құпиясөздер не
кредит картасының нөмірлері сияқты жеке ақпаратты алуы мүмкін
немесе жеке электрондық пошта хабарларының мазмұндарын ұстап
алуы мүмкін.
•
Желіге рұқсатсыз қатынасу
Үшінші тарап жеке не компанияның желісіне рұқсатсыз қатынасып,
келесі əрекеттердің кез келгенін орындай алады.
- Жеке мəліметтерді не басқа құпиялы ақпаратты алу (ақпараттың
жайылып кетуі)
- Басқа пайдаланушы ретінде əрекет ету жəне жағымсыз деректі жіберу
(еліктеу)
- Ұстап алған деректің мазмұнын қайта жазып, оны жіберу (бұрмалау)
- Деректің жоғалуына не жүйенің бұзылуына əкеле алатын компьютер
вирустарын енгізу (зақым)
Бастапқы күйде, мұндай мəселелердің сымсыз жергілікті желі өніміне
қатысты реттеулер арқылы немесе өнімді пайдаланудан орын алу
ықтималдылығы азайтылған, себебі сымсыз жергілікті желі картасы мен
қатынас нүктесінде осы мəселелерді шешу үшін қауіпсіздік шаралары
бар. Бұл өнімді өз пікіріңізбен жəне толық жауапкершілікті көтеріп
қауіпсіздік параметрлерін орнатқаннан кейін жəне қауіпсіздік
параметрлерін орнатпаған жағдайда орын алуы мүмкін мəселелерді
толығымен түсініп пайдалануды ұсынамыз.
Қауіпсіздік параметрлері туралы қосымша ақпаратты проектормен
берілген "Құжат ықшам дискісіндегі" "Пайдаланушы нұсқаулығынан"
қараңыз.
112