4. ПАЙДАЛАНУ
БАТАРЕЯ БЛОГЫН ҚҰРАЛДАН ШЫҒАРЫП АЛУ ҮШІН
Құралды толығымен тоқтатыңыз.
Батарея блогының төменгі жағындағы батареяны құлыптан
босату түймесін басып ұстап тұрыңыз.
Батарея блогын құралдан шығарып алыңыз.
СУЫҚ АУА РАЙЫНДА ПАЙДАЛАНУ
Литий-ионды
батарея
температураларда пайдалануға болады. Батарея блогын
құралға салып, құралды жеңілдетілген жұмыс режимінде
пайдаланыңыз. Шамамен бір минуттан кейін, блок жылып,
қалыпты жұмыс істей бастайды.
ЫСТЫҚ БАТАРЕЯ БЛОГЫН ЗАРЯДТАУ
Құралды үздіксіз пайдалану кезінде, батарея блогы қызып
кетуі мүмкін. Ыстық батарея блогын зарядтағыш құрал
портына тікелей орналастыруға болады, бірақ батарея
температурасы жарамды температура ауқымына дейін
салқындамайынша зарядтау басталмайды. Ыстық батарея
блогын зарядтағыш құралға қойған кезде, зарядтағыш
құрал блоктың зарядтауға дайын еместігін көрсетуі мүмкін.
Зарядтағыш құралдың пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.
Батарея блогы салқындаған кезде, зарядтағыш құрал
автоматты түрде зарядталып бастайды.
СУЫҚ БАТАРЕЯ БЛОГЫН ЗАРЯДТАУ
Суық батарея блогын зарядтағыш құрал портына тікелей
орналастыруға болады, бірақ батарея температурасы
жарамды температура ауқымына дейін жылымайынша
зарядтау басталмайды. Суық батарея блогын зарядтағыш
құралға қойған кезде, зарядтағыш құрал блоктың зарядтауға
дайын еместігін көрсетуі мүмкін. Зарядтағыш құралдың
пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.
Батарея блогы шамамен бөлме температурасына дейін
жылыған кезде, зарядтағыш құрал автоматты түрде
зарядталып бастайды.
блогын
-20°C-қа
FR
ES
PT
IT
EL
дейінгі
PL
RU
KZ
UA
RO
BR
EN
159