Télécharger Imprimer la page

Samsung EO-IC500 Manuel D'utilisation page 264

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 300
Маңызды кіріспе
Қауіпсіз және дұрыс пайдалануды қамтамасыз ету үшін құрылғыны пайдаланудан бұрын осы
нұсқауды оқыңыз.
• Кескіндер шынайы өнімнен өзгешелеу болуы мүмкін. Мазмұн ескертусіз өзгертілуі
мүмкін.
• Құрылғыны пайдаланбас бұрын қосылғыңыз келген мобильді құрылғының осы
құрылғымен үйлесімді екендігіне көз жеткізіңіз.
Қауіпсіздік ақпараты
Қауіпсіз және дұрыс пайдалануды қамтамасыз ету үшін құрылғыны пайдаланудан бұрын осы
барлық қауіпсіздік ақпаратын оқыңыз. Толық қауіпсіздік ақпаратын көру үшін, Samsung веб-
сайтына кіріңіз.
Өнім жасаушысы мақұлдаған батареяларды, зарядтағыштарды, қосымша құралдарды және
жабдықтарды пайдаланыңыз.
Құрылғыны су қолмен ұстамаңыз.
Зарядтағышты немесе құрылғыны түсіріп не соғып алмаңыз.
Құрылғыны қоршаған орта температурасы 0°C - 35°C аралығында болатын жерлерде
пайдалануға болады. Құрылғыны -20°C - 50°C аралығындағы қоршаған орта
температурасында сақтауға болады. Құрылғыны ұсынылған температура ауқымдарынан тыс
пайдалану немесе сақтау құрылғыға зақым келтіруі немесе батареяның қызмет ету мерзімін
қысқартуы мүмкін.
Кішкентай балалардың немесе жануарлардың құрылғыны аузына салуға немесе соруына
жол бермеңіз.
Құрылғыны өз бетіңізше бөлшектемеңіз, түрін өзгертпеңіз және жөндемеңіз.
Құлақаспапты көлік жүргізу не атпен жүру кезінде пайдаланбаңыз. Ол көңіліңізді алаң еткізіп,
апатқа апарып соғуы мүмкін немесе аймағыңызға байланысты заңсыз болуы мүмкін.
Құлақаспапты серуендеу, көлік жүргізу не велосипед жүргізу кезінде пайдаланбаңыз. Бұлай
істеу апатқа әкелуі мүмкін. Егер қоршаған орта шуын естімесеңіз, оны қауіпті жерлерде
пайдаланбаңыз.
Құлақаспапты пайдалану кезінде есту қабілетінің зақымдалуын болдырмау үшін, жоғары
деңгейдегі дыбысты ұзақ мерзім ішінде тыңдамаңыз.
All manuals and user guides at all-guides.com
Қазақ тілі
1
1

Publicité

loading