Тағайындалу Бойынша Қолдану - Bosch AKE 30 Notice Originale

Masquer les pouces Voir aussi pour AKE 30:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 31
228 | Қазақша
Денеңізді лайықсыз және қалыпсыз тұрыста
ұстамаңыз және кесілетін өнімдерді
иықтарыңыздың биіктігінде болғанда кеспеңіз. Бұл
арқылы шина ұшымен бақылаусыз түрде жанасып
түртіп қалуына жол берілмей, шынжырлы араның
кездейсок жағдайларда жақсырақ бақылап
басқарылуы қамтамасыз етіле алынады.
Әрқашан шығарушы тарабынан талап етілетін
қосалқы шиналары мен ара шынжырларын
қолданыңыз. Лайықсыз қосалқы шиналары мен ара
шынжырлары шынжырдың жыртылуына немесе кері
соққыға апаруы мүмкін.
Ара шынжырын қайрау және күту үшін
шығарушының нұсқауларына сай әрекет етіңіз.
Тереңдікті шектеушінің мәні тым төмен болғаны
соққыға бейімді болуын арттырады.
Қосымша қауіпсіздік нұсқаулықтары
Алғашқы рет іске қолдану алдынан қолданушы
тәжірибесі бар бір маман арқылы шынжырлы араның
қолдануы мен қорғаныс құрылғылар жүйелердің
қолдануы бойынша тәжірибелік мысалдар
көрсетілуімен үйретілуі лазым. Алғашқы жаттығу
ретінде ағаш діңдерін ағаш кесу үшін арналған
тақтайлар үстінде немесе түпқойма үстінде кесу
жаттығуы болуы лазым.
Физикалық, сенсорлық не психикалық қабілеттері
шектеулі немесе тәжірибесі жеткіліксіз, және/немесе
білімі жеткіліксіз тұлғалар (осылармен қатар баларар)
тарапынан қолдану үшін мақсатталмаған, немесе осы
тұлғалар бұл электрбұйымды тек қана осылардың
қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғаның қадағалауымен,
немесе бұйымды пайдалану тәртібімен және
осылармен байланысты қауіпттерімен танысқаннан
кейін пайдалануы тиіс.
Балалардың осы бақ электрбұйыммен ойнауын
болдырмау үшін оларды қадағалап отыру тиіс.
Балалар мен жас ересектерге, жасы 16 асқан
кәсіптік білім беру оқу орындарының оқушылары
болмаса, шынжырлы арамен жұмыс істеу рұқсат
етілмейді. Шынжырлы арамен жұмыс істеу
бойынша білімі немесе тәжірибесі жоқ немесе
жеткіліксіз болған тұлғаларға да жоғарыда
көрсетілгендей талаптар қойылады. Қолдану
бойынша нұсқаулығы әрқашан қолдану үшін қол
жетімді жерде жатуы керек. Шаршаған немесе ауыр
физикалық жұмыстарды жасау үшін денсаулығы
лайықсыз болған тұлғаларға шынжырлы арамен жұмыс
істеу рұқсат етілмейді.
Электр құралды пайдалануда оны екі қолмен берік
ұстап, тұрақты қалыпта тұрыңыз. Электр құралы екі
қолмен сенімді басқарылады.
Электрбұйымды қолдану алдынан барлық қорғау
құралдары мен тұтқыштардың лайықты түрде
енгізіліп орнатылғанын тексеріп алыңыз.
Толығымен жинақтап орнатылмаған электрбұйымды
немесе рұқсат етілмеген өзгертулері бар
электрбұйымды ешқашан іске қосып қолданбаңыз.
F 016 L81 408 | (18.11.15)
Электр құралын жерге қоюдан алдын оның
тоқтауын күтіңіз. Алмалы-салмалы аспап ілініп электр
құрал бақылауының жоғалтуына алып келуі мүмкін.
Өнім және қызмет сипаттамасы
Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді оқыңыз.
Техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді сақтамау тоқтың
соғуына, өрт және/немесе ауыр
жарақаттануларға апаруы мүмкін.
Тағайындалу бойынша қолдану
Электр бұйым ағаш бөрене, тақтайлар, бұтақтар, ағаш
діңдер және т.б. арамен кесу үшін, сонымен қатар
ағаштарды кесіп шабу үшін мақсатталған. Электр бұйымы
өнімдерді талшықтар бағытына қарай ұзындығынан және
көлдеңінен кесу үшін қолданыла алынады.
Бұл электр бұйым минералдық өнімдерді аралап кесу үшін
жарамды емес.
Жеткізу көлемі
Электр бұйымын баяу ғана қорабынан шығарып алып,
төменде көрсетілген бөлшектерінің толық болған
болмағанын тексеріп алыңыз:
– Шынжырлы ара
– Жапқыш
– Ара шынжыры
– Шапқы
– Май резервуарының қақпағы
– Шынжырды қорғау құралы
– Реттеу құралы (AKE 30/35/40)
– Қолдану нұсқаулығы
Бөлшектер жетпей немесе бұзылған қалыпта болғанда
осы бұйымды сатқан сатушымен хабарласыңыз.
Бейнеленген құрамды бөлшектер
Көрсетілген құрамдастар нөмірленген суреттері бар
беттегі электр құралының сипаттамасына сай.
1 Артқы тұтқасы (Оқшауланған тұтқалар аймақтары)
2 Қосқыш/өшіргіш
3 Қосқыш/өшіргішті блокадалау
4 Май резервуарының қақпағы
5 Кері соққы тежеуішінің қосылып өшірілуі (Қолдарды
қорғау)
6 Алдыңғы тұтқасы (Оқшауланған тұтқалар аймақтары)
7 Жетектелетін жұлдызша (AKE 35 S/1835 S/
40 S/35/40/45 S)
8 Шынжырды қорғау
9 Ара шынжыры
10 Шапқы
Bosch Power Tools

Hide quick links:

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières