Bosch PFS 3000-2 Notice Originale page 191

Masquer les pouces Voir aussi pour PFS 3000-2:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 26
Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса,
қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермеу үшін осы жұмыс
тек Bosch компаниясы немесе Bosch электр құралдары
бойынша өкілетті қызмет көрсету орталықтарында
жүргізілуі тиіс.
Әр пайдаланудан соң бүрку жүйесінің бөліктерін
u
тазалаңыз, әсіресе барлық бояу өткізетін
бөліктерді. Тиісті тазалау бүрку пистолетінің
кедергісіз және сенімді жұмыс істеуінің алғышарты
болып қалады. Тазалау болмаған немесе тиісті ретте
орындалмаған жағдайда кепілдік мойындалмайды.
Өнімдерді олардың сақтығын қамтамасыз ететін,
өнімдерге атмосфералық жауын-шашынның тиюіне және
асқын температура көздерінің (температураның шұғыл
өзгерісінің), соның ішінде күн сәулелерінің әсер етуіне
жол бермейтін дүкендерде, бөлімдерде (секцияларда),
павильондар мен киоскілерде сатуға болады.
Сатушы (өндіруші) сатып алушыға өнімдер туралы
қажетті және шынайы ақпаратты беріп, өнімдерді
тиісінше таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
Өнімдер туралы ақпарат міндетті түрде тізімі Ресей
Федерациясының заңнамасымен белгіленген
мәліметтерді қамтуы тиіс.
Егер тұтынушы сатып алатын өнімдер әлдеқашан
пайдаланылған немесе өнімдерде ақаулық (ақаулықтар)
жойылған болса, тұтынушыға бұл туралы ақпарат берілуі
тиіс.
Өнімдерді сату процесінің аясында төмендегі қауіпсіздік
талаптары орындалуы тиіс:
– Сатушы сатып алушыға ұйымының фирмалық атауы,
орналасқан жері (мекенжайы) және жұмыс режимі
туралы мәліметтер беруге міндетті;
– Сауда бөлмелеріндегі өнімдердің сынамалары сатып
алушыға бұйымдардағы жазбалармен танысуға
мүмкіндік беруі және визуалды тексерістен басқа
бұйымдардың іске қосылуына әкелетін, сатып
алушылар өз бетінше орындайтын ешқандай
әрекеттерге жол бермеуі тиіс;
– Сатушы осы бұйымдардың белгіленген талаптарға
сәйкестігінің растамасы, сертификаттардың немесе
сәйкестік жөніндегі мәлімдемелердің бар болуы
туралы ақпаратты сатып алушыға беруге міндетті;
– Идентификациялық сипаттары жоқ (жоғалған),
жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, бұзылу белгілері бар
және пайдалану бойынша нұсқаулығы (кітапшасы),
міндетті сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік
белгісі жоқ өнімдерді сатуға тыйым салынады.
Майда бүріккіш жүйесін тазалау (M суретін қараңыз)
Бүріккіш пистолетпен бүріккіш материал контейнерін
әрдайым пайдаланылған бүріккіш материалға арналған
сұйылтқыш (еріткіш немесе су) затпен тазалаңыз.
Бүріккіш пистолеттің форсунка мен ауа тесіктерін
ешқашан ұштық заттармен тазаламаңыз.
– Негізгі құралды (20) өшіріңіз.
– Негізгі құрал (20) мен бүріккіш пистолеттен (1) ауа
шлангін (18) алып тастаңыз (найзалы құлыпты (19)
Bosch Power Tools
сағат тіліне қарсы шірек айналым бұраңыз; найзалы
құлыпты (19) қосқыштан (8)/(28) шығарыңыз).
– Керек болса негізгі құралды сұйылтқыш затпен
дамқылдалған шүберекпен тазалап сосын негізгі құрал
(20) мен ауа шлангін (18) тазалау қоршауындан алып
тастаңыз.
– Бүріккіш пистолеттің басқару қосқышын (5) бүріккіш
материал контейнерге кері ағуы үшін басыңыз.
– Контейнерді (7) бұрап шығарып қалған бүріккіш
материалды түпнұсқалық бүріккіш материалға
қосыңыз.
– Контейнерді (7) жартысына дейін сұйылтқышпен
(еріткіш немесе су) толтырып оны бүріккіш пистолетте
(1) қайта бекітіңіз.
– Бүріккіш пистолетін бірнеше рет шайқаңыз.
– Контейнерді (7) бұрап шығарып бос материал
ыдысына толық босатыңыз.
– Жаппа сомынды (3), ауа қақпағын (2), пайдаланған
форсунка қақпағын (9)/(10) және құбырлық тіреушені
(15) контейнер тығыздауышымен (14) шешіңіз.
– Бір шелекте сұйылтқышпен барлық бояу өткізетін
бөлшектерді тазалау қылшағымен (26) немесе
әдеттегі шаю қылшағымен тазалаңыз. Бояу каналын
(17) бүріккіш пистолетте (1) тазалаңыз.
– Құбырлық тіреуше (15) контейнер тығыздауышымен
(14) бүріккіш материалы жоқ және зақыдмалмаған
болуына көз жеткізіңіз.
Керек болса контейнер тығыздауышын (14) және
сұйылтқышпен тазалаңыз.
– Ауа шығару тесігін (16) тазалау қылшағымен (26)
тазалаңыз.
– Керек болса толтыру торшасын (11) әбден
сұйылтқышпен тазалаңыз.
– Контейнер мен бүріккіш пистолетті сыртынан
сүйылтқышпен ылғалданған шүберекпен сүртіңіз.
– Жинаудан алдын барлыө бөлшектерді кептіріңіз.
– Бүріккіш жүйені кері реттілікте қайта орнатыңыз.
Контейнер тығыздауышын (14) қайта жоғарыға
тіреушенің ойығына (15) жылжытыңыз.
Бүріккіш пистолетті дұрыс тығыздау үшін контейнер
тығыздауышы тіреуше ойығының айналысында дәл
орнатылғанын қамтамасыз етіңіз.
Тіреуше (15) тірелгенше түс арнасына (17) жылжуына
көз жеткізіңіз.
Ауа сүзгісін тазалау (N суретін қараңыз)
Ауа сүзгісін (30) мерзімді түрде тазалау керек. Егер ауа
сүзгісі қатты ластанған болса, оны алмастыру қажет.
– Ауа сүзгісінің қаптамасын (25) ашыңыз.
– Ауа сүзгісін (30) алып қойыңыз.
– Жеңіл ластану жағдайында:
Ауа сүзгісін (30) сілкілеңіз.
немесе
Өте қатты ластану жағдайында:
Ауа сүзгісін (30) ағын сумен тазалап жуыңыз, содан
кейін оның зең басуына жол бермес үшін, оны
Қазақ | 191
1 609 92A 58D | (28.10.2019)

Publicité

Table des Matières
loading

Ce manuel est également adapté pour:

3 603 b07 1

Table des Matières