Télécharger Imprimer la page

Bosch GWS 1400 C Professional Notice Originale page 242

Masquer les pouces Voir aussi pour GWS 1400 C Professional:

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 31
242 | Қазақ
Шуыл және дірілдеу туралы ақпарат
EN IEC 62841-2-3 бойынша есептелген шуыл
эмиссиясының көрсеткіштері.
Электр құралының амплитуда бойынша есептелген шуыл
деңгейі әдетте келесідей болады: дыбыстық қысым
деңгейі 92 дБ(А); дыбыстық қуат деңгейі 100 дБ(А). K
дәлсіздігі = 3 дБ.
Құлақ қорғанысын тағыңыз!
Жалпы діріл мәндері a
(үш бағыттың векторлық
h
қосындысы) және K дәлсіздігі, EN IEC 62841-2-3
бойынша есептелген:
Үстіңгі бетті ажарлау (бастапқы ажарлау) және абразивті
кесу:
2
2
a
 = 5,6 м/с
, K = 1,5 м/с
,
h
Ажарлағыш төсеммен ажарлау:
2
2
a
 = 2,7 м/с
, K = 1,5 м/с
.
h
Жұмсақ табақ металды немесе басқа үлкен бетті оңай дірілдейтін
материалдарды ажарлау 15 дБ шамасына дейін көтерілген шуыл
эмиссиясынының көрсеткішін тудыруы мүмкін. Арнайы ауыр
дыбыс оқшаулағыш кілемшелердің көмегімен асқын шуыл
эмиссиясын азайтуға болады. Асқын шуыл эмиссиясын шуыл
сипаттарымен байланысты тәуекелдерді бағалау кезінде де,
жарамды құлақ қорғанысын таңдау кезінде де есепке алу қажет.
Осы нұсқауларда келтірілген діріл деңгейі және шуыл
эмиссиясының көрсеткіші заңды өлшеу әдісі бойынша
өлшенген және оларды электр құралдарын бір-бірімен
салыстыру үшін пайдалануға болады. Олармен алдыңғы
тербелу және шу шығаруды бағалауға болады.
Берілген тербелу деңгейі мен шуыл шығару мәні электр
құралының негізгі жұмыстары үшін берілген. Егер электр
құрал басқа жұмыстар үшін басқа алмалы-салмалы
аспаптар менен немесе жетімсіз күтумен пайдаланылса
дірілдеу деңгейі мен шуыл шығару мәндері өзгереді. Бұл
бүкіл жұмыс уақыты үшін тербелу және шуыл шығаруды
қатты көтеруі мүмкін.
Дірілдеу деңгейі мен шуыл шығару мәнін нақты есептеу
үшін құрал өшірілген және қосылған болып
пайдаланылмаған уақыттарды да ескеру қажет. Бұл
дірілдеу деңгейі және жұмыс уақытындағы шуыл шығару
мәнін төмендетеді.
Пайдаланушыны дірілдеу әсерінен сақтау үшін қосымша
қауіпсіздік шараларын қолдану қажет, мысалы: электр
құралды және алмалы-салмалы аспаптарды күту,
қолдарды ыстық ұстау, жұмыс әдістерін ұйымдыстыру.
Бірқалыпты іске қосу
Электрондық бірқалыпты іске қосу жүйесі қосу кезіндегі
айналу жиілігін шектейді және электр құралының
бірқалыпты іске қосылуын қамтамасыз етеді.
Нұсқау: электр құралы қосылғаннан кейін толық айналу
жиілігімен жұмыс істесе, бұл бірқалыпты іске қосу
жүйесінің және қайта қосылудан қорғаныстың істен
шыққанын білдіреді. Электр құралын бірден қызмет
көрсету орталығына жіберу қажет, мекенжайларды
"Қызмет көрсету орталығы және пайдалану бойынша
кеңес" бөлімінен қараңыз.
1 609 92A 763 | (27.03.2024)
Қайта қозғалу сақтағышы
Қайта қосылудан қорғағыш қуаттандырудан кейін электр
құралының бақылаусыз іске қосылуын болдырмайды.
Қайта іске қосу үшін ажыратқышты (3) өшірілген күйге
келтіріп, электр құралын қайта қосыңыз.
Белгілі бір кедергі импульстері сирек жағдайларда қайта
іске қосылудан қорғаныстың іске қосылуына әкелуі
мүмкін. Бұл жағдайда электр құралы өшіп, өз күйін
сақтайды. Электр құралын ажыратқышты (3) жіберіп,
қайта басу арқылы жаңадан іске қосуға болады.
Тұрақты электроника
GWS 1400 C / GWS 1400 / GWS 14-125
Тұрақты электроника бос жүрісте және жүктеме кезінде
айналу жиілігін тұрақты дерлік деңгейде сақтайды және
жұмыстың біркелкі өнімділігін қамтамасыз етеді.
Жинау
Қорғаныш аспапты орнату
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
u
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Нұсқау: Жұмыс кезінде тегістеу шеңбері бұзылса немесе
қорғағыш қаптама/электр құрал құрылғылары бұзылса,
электр құралды бірден сервис қызметіне жіберу керек,
мекенжайларды «Тұтынушыға қызмет көрсету және
пайдалану кеңестері» тарауынан қараңыз.
Тегістеуге арналған қорғағыш қаптама
Қорғағыш қаптаманы (7) электр
құралының патронына қорғағыш
қаптамасының кодтау
жұдырықшалары патронға сәйкес
келгенше салыңыз. Бұғаттаудан
шығару иінтірегін (1) басып
ұстаңыз.
Шпиндель мойнындағы қорғашғы
қаптаманы (7) басып, қаптамадағы
буртикті электр құралдың фланеціне
отырғызыңыз және қорғағыш
қаптаманы шырт еткен дыбыс естілгенше бұрыңыз.
Қорғағыш қаптаманың (7) күйін жұмыс барысының
талаптарына сай орнатыңыз. Бұл үшін бұғаттаудын
шығару иінтірегін (1) жоғары басыңыз және қорғағыш
қаптаманы (7) қажет күйге бұрыңыз.
Қорғаныш қаптаманы (7) әрдайым, құлыптан
u
босату иінтірегінің (1) екі жұдырықшасы
қорғаныш қаптаманың (7) тиісті ойықтарына
кіретіндей, реттеңіз.
Bosch Power Tools

Publicité

loading