MQ955_de-kk-ar.book Seite 70 Dienstag, 9. Dezember 2014 9:58 09
kk
жауапты тұлғалардан алып, осы бұйымды қолдану арқылы пайда
бола алатын қауіптерін түсінгендерінде ғана қолданыла алады.
Балардың бұл бұйыммен ойнамауы қажет.
Бұйымды тек қана бұйым тақташасында көрсетілген мәліметтері
бойынша іске қосып қолданыңыз. Тек қана жабық бөлмелерде
қолдану үшін.
Тоқ беру жүйесі мен бұйымның өзінде ешбір зақымданған
не бұзылған жерлері болмағанда ғана қолданыңыз.
Электрбұйым жұмыс істегенде жылжып тұратын қосалқы немесе
қосымша бөлшектерді ауыстыру алдында электрбұйымды өшіріп,
оның ашасын тоқ беру жүйесінен ажырату керек.
Бұйымды, оны бақылаусыз қалдырғаныңызда, құрастырып
орнатқаныңызда, бөлшектегеніңізде немесе тазалағаныңызда
әрқашан электр тоқ жүйесінен ажыратыңыз.
Бұйым кабелін өткір немесе ыстық жерлер арқылы тартпаңыз.
Осы бұйымның кабелі бұзылып зақымданған күйде болса,
қауіптердің пайда болуын болдырмау үшін, оның шығарушы
немесе техникалық қызмет көрсету орталығының маманы
арқылы, немесе осыларға ұқсас арнайы білімі бар адам
тарабынан ауыстырылуы қажет.
Бұйымды жөндеу жұмыстары тек қана техникалық қызмет
көрсету орталығының маманы арқылы өткізілуі қажет.
, Бұл бұйым үшін қауіпсіздік нұсқаулары
Жаралану қауібі
Электр тоқ соққысы қауібі
Тоқ берілуі тоқтатылғанда электр бұйым қосылған түрде қалып,
тоқ қайта берілген сәттен кейін қайта іске қосылып тұрады.
Электрбұйымды дереу өшіріңіз.
Бұйым тұрқысын ешқашан сұйық заттарға малуға және ыдыс
жуу машинасында тазалауға болмайды.
Бумен тазалау құралын қолданбаңыз!
Электрбұйымды, оның негізгі құралының тез араластыру діңгегі-
мен біріктіріп қосу жері арқылы сұйықтықтарға батырмаңыз.
Ыстық болып тұрған сұйықтықтарды өңдеу барысында абайлап
әрекет етіңіз. Сұйықтықтар өңдеу барысында шашырап кетуі
мүмкін. Электр бұйымды ылғалды қолмен қолдануға болмайды.
70