126 | Қазақ
Нұсқаулар:
– Белгілі бір жағдайларда (мысалы, металл
беттердің артында немесе су мөлшері үлкен
беттердің артында) кернеу өткізгіш сымдарды
сенімді түрде табу мүмкін болмайды. Кереу өткізгіш
сымның сигнал күші кабель күйіне байланысты.
Сондықтан жақын ортада басқа өлшеу әрекеттерін
орындау арқылы немесе басқа ақпарат көздері
арқылы кернеу өткізгіш сымдардың бар-жоғын
тексеріп шығыңыз.
– Статикалық электр қуаты сымдардың дәл емес
көрсетілуіне (мысалы, үлкен диапазонда) немесе
мүлде көрсетілмеуіне әкелуі мүмкін. Индикацияны
жақсарту үшін бос қолыңызды өлшеу құралының
жанында алақанмен қабырғаға қойып, статикалық
электр қуатын кетіріңіз.
Ақаулар – Себептері және шешімдері
Ақаулық
Өлшеу құралын қосу мүмкін емес.
Өлшеу құралы қосулы болып, жұмыс істемей
тұр.
Дисплейдегі аккумулятор
температурасын бақылау
индикаторы (g)
Нұсқау: өлшеу құралын қабырғадан көтеріп
алған кезде, (g) индикаторы қалыпты
температурада да қысқа мерзімге пайда
болуы мүмкін.
Дисплейдегі
радиотолқындардан орын алған
ақаулық индикаторы (h)
Дисплейдегі қызметтік
индикатор (f)
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Өлшеу құралын әр пайдаланудан бұрын тексеріңіз.
u
Өлшеу құралының ішінде зақымдар немесе бос
бөлшектер көрінетін болса, оның жұмысы сенімді
болмайды.
Жақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін өлшеу құралын таза
және құрғақ ұстаңыз.
Өлшеу құралын суға немесе басқа сұйықтықтарға
батырмаңыз.
Ластануларды құрғақ, жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
Жуғыш заттарды немесе еріткіштерді пайдаланбаңыз.
1 609 92A 7KZ | (25.04.2022)
– Ток тұтынушылары (мысалы, шамдар, құрылғылар)
ізделетін сымға жалғанған және қосылған жағдайда,
кернеу өткізгіш сымдарды оңай табуға болады.
Қабырғаны бұрғалаудан, аралаудан немесе
фрезерлеуден бұрын ток тұтынушыларын өшіріңіз.
Нысандарды белгілеу
Қажет болса, табылған нысандарды белгілеуге болады.
Әдеттегідей өлшеңіз.
Нысанның шеттерін немесе ортасын тапқан болсаңыз,
ізделетін жерді жоғарғы белгілеу көмекші құралында (1)
және бүйірлік белгілеу көмекші құралдарында (2)
белгілеңіз. Нүктелерді тік және көлденең сызықпен
байланыстырыңыз. Сызықтардың қиылысу нүктесінде
нысанның шеті немесе ортасы орналасқан.
Себебі
Аккумулятордың немесе
батареялардың заряды
таусылған
Аккумулятор жұмыс
температурасының
диапазонынан тыс немесе
шұғыл температура өзгерістері
орын алды
Радиотолқындардан (мысалы,
WLAN, UMTS, әуе радары,
радиодіңгектер немесе
микротолқындар) орын алған
ақаулық
Өлшеу құралында ақаулық орын
алды және ол ары қарай жұмыс
істей алмайды.
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
кеңестері
Қызмет көрсету орталығы өнімді жөндеу және оған
техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ қосалқы
бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Құрамдас
бөлшектер бойынша кескін мен қосалқы бөлшектер
туралы мәліметтер төмендегі мекенжай бойынша
қолжетімді: www.bosch-pt.com
Bosch қызметтік кеңес беру тобы біздің өнімдер және
олардың керек-жарақтары туралы сұрақтарыңызға жауап
береді.
Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру
кезінде міндетті түрде өнімнің фирмалық
тақтайшасындағы 10 таңбалы өнім нөмірін беріңіз.
Шешімі
Аккумуляторды зарядтаңыз немесе
батареяларды алмастырыңыз.
Аккумуляторды немесе батареяларды
шығарып, қайтадан салыңыз.
Аккумулятордың рұқсат етілген
температура диапазонына жеткенше
күтіңіз немесе аккумуляторды
ауыстырыңыз.
Мүмкіндік болса, сәулеленуі өлшеу
әрекетіне кедергі келтіре алатын
барлық құрылғыларда тиісті
функцияларды ажыратыңыз немесе
құрылғыларды өшіріңіз.
Өлшеу құралын өкілетті Bosch қызмет
көрсету орталығына жіберіңіз.
Bosch Power Tools