Пайдалану Түрлері - Bosch GCL 25 Notice Originale

Masquer les pouces Voir aussi pour GCL 25:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 16
OBJ_BUCH-1546-004.book Page 107 Wednesday, March 2, 2016 2:10 PM
Пайдалану түрлері
Өлшеу құралында көп пайдалану түрлері бар, оларды
әрқашан ауыстыруға болады:
– Қиылысқан және нүктелік сызықтық жұмыс: өлшеу
құралы бір көлденең және бір тік лазер сызығын алға,
бір тік нүктелік сәулені жоғары және төменге, тағы бір
көлденең нүктелік сәулені алға, екі қапталға жібереді.
– 5 нүктелік жұмыста: өлшеу құралы бір тік нүктелік
сәуледен жоғары және төменге, бір көлденең нүктелік
сәуледен алға және екі қапталына жібереді.
– Көлденең сызықтық жұмыс: өлшеу құралы көлденең
лазер сызығын алға жібереді.
– Тік сызықтық жұмыс: өлшеу құралы тік лазер сызығын
алға жібереді.
Барлық нүктелік сәулелер бір- біріне 90° бұрышта өтеді,
лазерлік сызықтар да 90° бұрышта қиылысады.
Қосудан соң өлшеу құралы қиысу мен нүктелік сызық
жұмысында болады. Пайдалану түрін ауыстыру үшін
пайдалану түрлері пернесін 2 басыңыз.
Барлық жұмыс түрлерін осылай нивелирлеу автомати-
касынсыз да таңдауға болады.
Нивелирлеу автоматикасы
Нивелирлеу автоматикасымен жұмыс істеу
(C – E суреттерін қараңыз)
Өлшеу құралын көлденең жылжымайтын табанға қойып
15 ұстағышқа немесе 16 штативіне бекітіңіз.
Нивелирлеу автоматикасымен жұмыс істеу үшін қосқыш/
өшіргішті 4 төмендегі функцияға жылжытыңыз "
Қосудан соң нивелирлеу автоматикасы ±4° өз нивелирлеу
аймағындағы тегіс еместіктерді автоматты тегістейді.
Лазер нүктелері немесе лазер сызықтары басқа қозғал-
маса нивелирлеу аяқталды.
Автоматты нивелирлеу мумкін болмаса, мысалы өлшеу
құралы көлденең сызықтан 4° көп ауған болса, лазер
сызықтары жыпылықтайды. Қосудан соң 10 сек. ішінде
бұл дабыл өлшеу құралын туралауға мүмкіндік беру үшін
өшеді.
Өлшеу құралын көлденең қойып, өз нивелирлеу аяқтал-
ғанша күтіңіз. Өлшеу құралы ±4° өз нивелирлеу аймағын-
да тұрса лазер сәулелері қайта үздіксіз жанады.
Пайдалану кезінде қағылыстар болса немесе күй өзгерсе
өлшеу құралы автоматты ретте өзін нивелирлейді. Ниве-
лирлеуден соң өлшеу құралының жылжуы арқылы пайда
болуы мүмкін қателердің алдын алу үшін лазер сызықта-
рының күйін негізгі нүктелерге салыстырып тексеріңіз.
Нивелирлеу автоматикасынсыз жұмыс істеу
(F суретін қараңыз)
Нивелирлеу автоматикасынсыз жұмыс істеу үшін қосқыш/
өшіргішті 4 төмендегі функцияға жылжытыңыз "
Нивелирлеу автоматикасы өшкенде лазер сызықтары
ұзақ уақыт жыпылықтайды.
Нивелирлеу автоматикасы өшкенде өлшеу құралын еркін
қолда ұстау немесе қисайған табанға қою керек. Лазер
сәулелері бір біріне тік ретте болмайды.
Bosch Power Tools
Нивелирлеу дәлдігі
Дәлдікке әсер ететін жағдайлар
Қоршау температурасы ең күшті әсер етеді. Еденден
жоғарыға болған температура өзгерістері лазер сәулесін
ауытқуы мүмкін.
Температура айырмашылығы еденге жақын аймақта
үлкен болғаны үшін, өлшеу құралын мүмкіншілік бойынша
стандартты штативке орнатып жұмыс аймағының
ортасына орналастыру қажет.
Сыртқы әсерлерден тыс аспаптық әсерлер де (мысалы
қағылыс немесе қатты соққылар) ауытқуларға алып келуі
мүмкін. Сол үшін әр жұмыстан алдын нивелирлеу дәлдігін
тексеріңіз.
Көлденең нүктелік сәуленің дәлдігі максималды рұқсат
етілген ауқым ішінде болса, осымен тік нүктелік сәулелер
мен лазер сызықтарының дәлдігі тексерілген болады.
Егер өлшеу құралы тексеруде максималды ауытқуды
арттырса, оны Bosch сервис орталығында жөндетіңіз.
Көлденең осьтің көлденең нивелирлеу дәлдігін
тексеру
Тексеру үшін тұрақты табандық қабырғадан 20 м бос
қашықтық керек.
– Өлшеу құралын қабырғадан 20 м қашықтығында ұста-
ғыш немесе штативке, не қатты тегіс табанда орнатыңыз.
Өлшеу құралын қосып, 5 нүктелік жұмысты таңдаңыз.
on".
– Өлшеу құралының көлденең осі бойы жататын екі лазер
сәулесін қабырғаға бағыттаңыз. Өлшеу құралын
нивелирлеңіз. Лазер нүктесінің орталығын қабырғада
( I нүктесі) белгілеңіз.
d
on".
www.geooptic.ru
Қaзақша | 107
2 0
m
180°
1 609 92A 25C | (2.3.16)

Publicité

Table des Matières
loading

Ce manuel est également adapté pour:

Gcl 25 professional

Table des Matières