Тереңдік планкасын реттеу (ойықты аралау) (R
суретін қараңыз)
Егер ойықты аралау керек болса тереңдік тіреуішін
жылжыту керек.
– Тереңдік тіреуішін (32) сыртқа қайырыңыз.
– Манипуляторды қол тұтқасынан (9) керекті күйіне
қисайтыңыз.
– Дәлдеу бұрандасын (4) бұранда ұшы тереңдік
тіреуішіне (32) тигенше бұраңыз.
– Манипуляторды жай жоғарыға бағыттаңыз.
Арнайы дайындамалар
Иінді немесе домалақ дайындамаларды аралау кезінде,
оларды сырғанаудан қорғау қажет. Кесік сызығында
дайындама, тіреуіш планка мен аралау үстелінің
арасында бос орын пайда болмауы тиіс.
Қажет болса, арнайы ұстағыштарды дайындау қажет.
Негізгі реттеулерді тексеріп реттеңіз
Дәл кесіктерді қамтамасыз ету үшін қарқынды түрде
пайдаланғаннан кейін электр құралының негізгі
реттеулерін тексеріп, қажетінше реттеу керек болады.
Ол үшін тәжірибе мен тиісті арнайы аспаптар қажет
болады.
Bosch сервистік орталығы бұл жұмысты жылдам әрі
сенімді түрде өткізеді.
Лазерді реттеу
Нұсқау: лазер функциясын сынау үшін электр құралын
ток көзіне жалғау керек.
Лазерді реттеген кезде (мысалы, манипуляторды
u
жылжытқанда) ешқашан ажыратқышты
пайдаланбаңыз. Электр құралының кездейсоқ іске
қосылуы жарақаттануға әкелуі мүмкін.
– Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
– Аралау үстелін (16) 0° ойығына (25) дейін бұраңыз.
Иінтірек (22) шерту дыбысымен ойыққа тірелуі тиіс.
Тексеру (S1 суретін қараңыз)
– Дайындамада тік кесік сызығын сызыңыз.
– Манипуляторды қол тұтқасымен (9) баяу төмен қарай
бағыттаңыз.
– Дайындаманы ара дискісінің тістері кесік сызығымен
бір сызықта болатындай етіп бағыттаңыз.
– Дайындаманы осы күйде ұстап, манипуляторды баяу
қайтадан жоғары қарай бағыттаңыз.
– Дайындаманы қысып қойыңыз.
– Лазер сәулесін қосқышпен (40) қосыңыз.
Лазер сәулесі манипулятор төмен бағытталса да кесік
сызығының бүкіл ұзындығы бойынша дайындама үстінде
орналасуы керек.
Реттеу (S2 суретін қараңыз)
– Реттегіш бұранданы (56) жинақтағы арнайы
бұрауышпен лазер сәулесі бүкіл ұзындығы бойынша
дайындамадағы кесік сызығына параллель болғанша
бұраңыз.
Bosch Power Tools
Сағат тілінің бағытына қарсы бір айналым лазер сәулесін
сол жақтан оң жаққа, ал сағат тілінің бағытымен бір
айналым оны оң жақтан сол жаққа жылжытады.
Вертикальды стандартты еңіс бұрышы 0° реттеңіз
– Электр құралын тасымалдау күйіне келтіріңіз.
– Аралау үстелін (16) 0° ойығына (25) дейін бұраңыз.
Тұтқыш (22) сезімді ретте ойыққа тірелуі керек.
Тексеріңіз (T1 суретін қараңыз)
– Бір бұрышты калибрді 90° реттеп, оны аралау үстеліне
(16) қойыңыз.
Бұрышты калибрдің бір жағы бүтін ұзындығында ара
дискісінде (12) жатуы керек.
Реттеу (T2 суретін қараңыз)
– Қысқыш иінтіректі (41) босатыңыз.
– Тіректі (44) толығымен артқа жылжытыңыз.
– Тіреуіш бұранданың (58) контргайкасын стандартты
дөңгелекті немесе айыр тәрізді кілтпен (10 мм)
босатыңыз.
– Тіреуіш бұранданы бұрыштық калибрдің бір жағы
бүкіл ұзындығы бойынша ара дискісінде жатқанша
ішке немесе сыртқа бұраңыз.
– Қысқыш иінтіректі (41) қайтадан мықтап тартыңыз.
– Содан кейін тіреуіш бұранданың (58) контргайкасын
қайтадан мықтап тартыңыз.
Егер бұрыш индикаторы реттегеннен кейін шкаланың
(30) 0° белгісімен бір сызықта тұрмаса, бұранданы (57)
стандартты крест ойықты бұрауышпен босатып, бұрыш
индикаторын 0° белгісімен туралаңыз.
Вертикальды стандартты еңіс бұрышын 45° (солда)
реттеңіз
– Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
– Аралау үстелін (16) 0° ойығына (25) дейін бұраңыз.
Иінтірек (22) ойыққа шерту дыбысымен тірелуі тиіс.
– Сол жақ жылжымалы тіреуіш планканы (15) алып
тастаңыз.
– Сол жақ тіректі (29) 45° стандартты еңіс бұрышы
көрсеткі белгісінде тірелгенше бұраңыз.
– Қыспа иінтіректі (41) босатыңыз.
– Манипуляторды, тұтқасынан (9) ұстап, тіреуіш бұранда
(59) тіректе (29) жатқанша, солға қайырыңыз.
Тексеріңіз (U1 суретін қараңыз)
– Бір бұрышты калибрді 45° реттеп, оны аралау үстеліне
(16) қойыңыз.
Бұрышты калибрдің бір жағы бүтін ұзындығында ара
дискісінде (12) жатуы керек.
Реттеу (U2 суретін қараңыз)
– Тіреуіш бұранданың (59) контргайкасын стандартты
дөңгелекті немесе айыр тәрізді кілтпен (10 мм)
босатыңыз.
– Тіреуіш бұранданы (59) бұрыштық калибрдің бір жағы
бүкіл ұзындығы бойынша ара дискісінде жатқанша
ішке немесе сыртқа бұраңыз.
– Қыспа иінтіректі (41) қайтадан мықтап тартыңыз.
Қазақ | 273
1 609 92A 5U6 | (14.10.2020)