264 | Қазақ
сияқты темір материалдарды аралауға пайдалану
мүмкін емес. Абразивті аралаудағы ұшқындар төменгі
тіреуішті, ішпек және басқа бөлшектерді жандырады.
Дайындаманы ұстау үшін мүмкін болса
u
қысқыштарды пайдаланыңыз. Дайындаманы
қолмен ұстасаңыз, қолыңызды ара дискісінен
кемінде 100 мм қашықтықта ұстаңыз. Қысу үшін
немесе қолмен ұстау үшін тым кіші бөлшектерді
кесу үшін бұл араны пайдаланбаңыз. Егер қолыңыз
ара дискісіне тым жақын болса, дискіге тиюден
шығатын ұшқындардан жарақаттану қауіпі жоғары
болады.
Дайындама тұрақты болып тіреуіш пен үстелге
u
қысылуы немесе тірелуі керек. Дайындаманы
дискіге жылжытпаңыз немесе қолмен апармаңыз.
Қысылмаған немесе жылжымалы дайындамалар
жоғары жылдамдықта лақтырылып жарақаттауы
мүмкін.
Араны дайындамаға басыңыз. Араны
u
дайындамадан тартпаңыз. Кесік істеу үшін ара
басын көтеріп, дайындама жоғарысынан кеспей
өткізіңіз, қозғалтқышты іске қосыңыз, ара басын
төмен басып, араны дайындамаға басыңыз. Тартып
аралау ара дискісін дайындама үстіне шығарып,
дискіні операторға қарай лақтыруы мүмкін.
Қолыңызды ешқашан ара дискісінің алдында
u
немесе артында кесу сызығына қоймаңыз. Басқа
қолмен дайындаманы ұстау, мысалы, дайындаманы
ара дискісінің оң жағында сол қолмен ұстау немесе
терісі өте қауіпті.
Ешқашан қолыңызды ағаш жоңқаларын немесе
u
басқа себептен дискі айналып тұрғанда ара
дискісіне 100 мм-ден жақын тіреуіш арқасына
апармаңыз. Айналып тұрған араның жақындығы
дұрыс айқындалмай сіз қатты жарақаттануыңыз
мүмкін.
Кесуден алдын дайындаманы тексеріңіз. Егер
u
дайындама қисайтылған немесе
деформацияланған болса, оны сыртқы
қисайтылған жағымен тіреуішке қысыңыз.
Әрдайым кесік бойы дайындама, тіреуіш және
үстел арасында аралық болмауына көз жеткізіңіз.
Бұрылған немесе қисайған дайындамалар ширап,
жылжып не айналып тұрған ара дискісін қысып қалуы
мүмкін. Дайындамада шеге немесе басқа бөгде
денелер болмауы тис.
Үстел барлық аспаптар, ағаш жоңқалары т.б. бос
u
болмағанша араны пайдаланбаңыз. Кіші сынықтар
немесе бос ағаш бөлшектері не басқа нысандар
айналып тұрған дискіге тисе, олар жоғары
жылдамдықпен лақтырылуы мүмкін.
Бір уақытта тек бір ғана дайындаманы аралаңыз.
u
Жинап қойылған бірнеше дайындамалар дұрыс
қысылмай не бекітілмей аралау кезінде дискіні қысуы
немесе жылжуы мүмкін.
Пайдаланудан алдын бұрыштық араның тегіс,
u
тұрақты жұмыс аймағына бекітілуін немесе
1 609 92A 5U6 | (14.10.2020)
орналастырылуын қамтамасыз етіңіз. Тегіс және
тұрақты жұмыс аймағы бұрыштық араның қимылдап
кету қауіпін кемітеді.
Жұмысыңызды жоспарлаңыз. Еңіс немесе көлбеу
u
бұрышының параметрін өзгерткеніңізде,
реттелетін тіреуіш дайындаманы ұстауға дұрыс
реттелгенін және дискіні немесе қорғау жүйесіне
тимеуіне көз жеткізіңіз. Аспапты "ҚОСУ"дан алдын
және үстелде дайындама болмағанда ара дискісін
бүтін симуляциялық кесіктен өткізіп, кедергі
болмауына және тіреуіш кесілмеуіне көз жеткізіңіз.
Үстелден үлкен дайындамалар үшін үстел
u
кеңейткіші, аралау сандалы, т.б. сияқты көмекші
аспаптар арқылы дұрыс ұстауды қамтамасыз
етіңіз. Бұрыштық ара үстелінен ұзын немесе кең
дайындамалар сенімді ұсталмаса аударылуы мүмкін.
Егер кесілген бөлшек немесе дайындама аударылса,
ол төменгі тіреуішті көтеруі немесе айналып тұрған
дискімен лақтырылуы мүмкін.
Үстел кеңейткіші немесе қосымша тіреуі орнына
u
басқа адамды пайдаланбаңыз. Дайындама тұрақты
бекітілмесе дискі қысылуы немесе дайындама кесу
кезінде жылжып, сізді не көмекшіңізді айналып тұрған
дискіге жақындатуы мүмкін.
Кесілген бөлшек тұрып қалмауы немесе айналып
u
тұрған ара дискісіне басылмауы тиіс. Шектелген
болса, мысалы, ұзындық шектеулері арқылы, кесілген
бөлшек дискіге қысылып қатты лақтырылуы мүмкін.
Шыбық немесе құбыр сияқты домалақ
u
материалдар үшін әрдайым қысқыш немесе
бекіткішті пайдаланыңыз. Шыбықтар кесілгеннен
соң домалап кетуі мүмкін, мұнда дискі тістеп
дайындаманы қолыңызбен бірге дискіге тартуы
мүмкін.
Дайындамаға тиюден алдын дискі толық
u
жылдамдығына жетуі керек. Бұл дайындама
лақтырылу қауіпін кемітеді.
Егер дайындама немесе дискі тұрып қалса,
u
бұрыштық араны өшіріңіз. Барлық істеп тұрған
бөлшектердің тоқтағанын күтіп, ашаны қуат
көзінен шығарыңыз /немесе батарея жинағын
шығарыңыз. Сосын тұрып қалған материалды
шығарыңыз. Дайындама тұрып қалған кезде
аралауды жалғастыру бұрыштық араның бақылауы
жоғалуына немесе зақымдалуына алып келуі мүмкін.
Аралауды аяқтағаннан соң өшіргішті жіберіп, ара
u
басын төмен ұстап, кесілген бөлшекті шығарар
алдын дискінің тоқтауын күтіңіз. Дискі айналып
тұрған кезде оған қолды жақындату өте қауіпті.
Толық емес кесікті орындағанда немесе өшіргішті
u
жібергенде тұтқаны ара басы толығымен төменгі
күйге түскенше қатты ұстаңыз . Араның тоқтау
әрекеті ара басын кездейсоқ төменгі тартып
жарақаттану қауіпіне алып келуі мүмкін.
Жұмыс орнын таза ұстаңыз. Материал қоспалары
u
өте қауіпті. Жеңіл метал шаңы жанып жарылуы мүмкін.
Bosch Power Tools