Bosch ALB 36 LI Notice Originale page 136

Masquer les pouces Voir aussi pour ALB 36 LI:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 16
136 | Қазақ
Аккумуляторды (6) құралдан шығарып алу үшін,
аккумуляторды бұғаттан шығару түймешігін басып,
аккумуляторды шығарып алыңыз.
Іске қосу
Бақ электр бұйымы бойынша жұмыстарын өткізу
u
алдында (мысалы күту, бөлшектерін ауыстыру
және т.б.), сонымен қатар оны тасымалдау мен
сақтауда құрал аккумуляторын құралдан шығарып
алыңыз. Қосқыштың/өшіргіштің кездейсоқ түрде
қосылып кетілуі арқылы жарақаттану қауібі пайда
болуы мүмкін.
Өшіріп қойылғаннан кейін де бақ құралы бірнеше
u
секунд бойы әлі істеп тұрады (тұрақты ауа ағымы).
Бақ құралын қайта іске қосу алдынан алдымен
оның қозғалтқышының тоқталыуына дейін күтіңіз.
Бақ құралын қайта-қайта өшіріп қоса бермеңіз.
Аккумуляторды қуаттандыру
Желі кернеуіне назар аударыңыз! Тоқ көзінің
u
кернеуі қуаттандыру құралының зауыттық
тақташасындағы мәндеріне сай болуы тиіс. 230 В
белгісімен белгіленген қуаттандыру құралдары
220 В жұмыс істей алады.
Аккумулятор, температура деңгейінің тек 0 °C мен 35 °C
арасында ғана қуаттандыруды мүмкін ететін температура
бақылаушы жүйесімен жабдықталған. Осының
арқысында аккумулятордың жұмыс уақыты ұзақ болуы
қамтамасыз етіледі.
Нұсқау: Құрал сатылып не жеткізіліп берілген кезде оның
аккумуляторы жартылай қуаттандырылған қалыпта
болады. Аккумулятор жұмысының толық көлемін
қамтамасыз ету үшін оны алғашқы рет пайдалану
алдынан алдымен толығымен қуаттандырып алыңыз.
Литий-иондық аккумуляторды әрқашан қуаттандырып
отыруға болады, бұл оның пайдалану мерзімін ешбір
түрде қысқартпайды. Қуаттандыру барысын үзу
аккумулятордың зақымдануына апармайды.
Литий иондық аккумулятор "Electronic Cell Protection
(ECP)" жүйесі арқылы терең қуатсызданудан қорғалған.
Аккумулятор толығымен қуатсызданып қалған жағдайда
құрал қорғау жүйесі арқылы өшіріліп қойылады: Бақ
электрбұйымы жұмыс істемей тұр.
Құралдың автоматты түрде өшірілгенінен кейін
қосқыш/өшіргіш түймешігін қайта баспаңыз. Бұл
аккумулятордың зақымдауына апаруы мүмкін.
Қуаттандыру барысы
Қуаттандыру барысы құрал желі айыры электр
розеткасына енгізіліп, аккумуляор (6) қуаттандыру
құралына (7) енгізілген сәтте басталады.
"Ақылды" қуаттандыру әдісі арқасында аккумулятордың
қуаттандыру күйі автоматты түрде белгіленіп отырып,
аккумулятор температурасы мен кернеуіне қарай отыра
оңтайлы түрде қуаттандыру тоғы таңдалып отырылады.
F 016 L94 481 | (20.05.2022)
Осының арқасында аккумулятор қорғалып, қуаттандыру
құралында сақталғанда әрқашан толығымен қуаттанған
қалпында қала береді.
Қуаттандыру құралындағы көрсеткіш
элементтерінің мағынасы (AL 3620 CV/AL
3640 CV/AL 36V-20)
Жылдам қуаттандыру барысы
Жылдам қуаттандыру барысы
аккумулятордың қуаттандыру көрсеткішінің
жасыл түспен тез жыпықтап тұруы арқылы
білдіріледі.
Аккумулятордың көрсеткіш элементы: Қуаттандыру
кезінде үш жасыл түсті жарық диод шамдары дәйекті
түрде жанып, қысқа уақыттан кейін өшеді. Үш жасыл түсті
жарық диод шамдары үзіліссіз жанып тұруы
аккумулятордың толығымен қуаттандырылып болғанын
білдіреді. Аккумулятор толығымен қуаттандырылып
қойылған сәттен шамамен 5 минут өткеннен кейін жасыл
түсті жарық диод шамдары қайтадан өз өздерімен өшеді.
Нұсқау: Жылдам қуаттандыру функциясы тек
аккумулятор температурасының лайықты ұйғарынды
деңгейде болғанында ғана қолданыла алынады,
"Техникалық мәліметтер" тарауын қараңыз.
Аккумулятор қуаттандырылды
Аккумулятордың жарық диодтық
қуаттандыру көрсеткішінің жасыл түспен
тұрақты жануы аккумулятордың
толығымен қуаттандырылып қойылғанын білдіреді.
Сонымен қатар, шамамен 2 секунд бойы аккумулятордың
толығымен қуаттандырылғанын білдіретін дыбыстық
сигналдық белгісі беріліп тұрады.
Осыдан кейін аккумулятор дереу пайдалану үшін
қуаттандыру құралынан шығарылып алына алады.
Ішіне аккумулятор енгізілмеген жағдайда
аккумулятордың жарық диодты қуаттандыру
көрсеткішінің тұрақты жануы желі айырының электр
розеткасына енгізіліп, қуаттандыру құралы іске қосу үшін
дайын болып тұрғанын білдіреді.
Аккумулятор температурасының 0°C тен төмен
немесе 45°C тен жоғары болуы
Аккумулятордың жарық диодтық
қуаттандыру көрсеткішінің қызыл түспен
тұрақты жануы аккумулятордың
температурасы ұйғарынды қуаттандыру температуралық
аумағынан тыс болғанын білдіреді, "Техникалық
мәліметтер" тарауын қараңыз. Ұйғарынды температура
деңгейі орнатылған сәттен кейін қуаттандыру құралы
автоматты түрде жылдам қуаттандыру барысына
ауысады.
Аккумулятор температурасы ұйғарынды қуаттандыру
температура деңгейінен тыс аумағында болғанда,
қуаттандыру құралы енгізілгенде аккумулятордың қызыл
түсті жарық диодтық шамы жанатын болады.
Bosch Power Tools

Publicité

Table des Matières
loading

Ce manuel est également adapté pour:

3 600 ha0 4

Table des Matières