136 | Қазақ
Жиектерді немесе профильді фрезерлеу
Параллель тірексіз жиектерді және профидьдерді
фрезерлеу кезінде фреза бағыттағыш шетмойынмен
немесе шарикті подшипникпен жабдықталуы керек.
Қосылған электр аспапты бағыттағыш шетмойын немесе
шарикті подшипник дайындаманың өңделетін жиегіне
тірелетіндей етіп қойыңыз.
Электр құралын дайындама шеті жағалай басқарыңыз.
Сонымен қатар, тік бұрышты қойылуын қадағалаңыз. Тым
қатты күш түсірген жағдайда дайындама жиегі
зақымдануы мүмкін.
Параллель тірекпен фрезерлеу
(G–H суреттерін қараңыз)
Параллель тіректі (27) бағыттауыш қарнақтармен (26)
тірек тақтасына (6) жылжытып, оны бұрандалармен (4)
қажетті өлшеміне сәйкес тартыңыз.
Қосылған электр құралын біркелкі алға қарай жүріспен
және параллель тіректі бүйірінен қысу арқылы
дайындама жиегінің бойымен жүргізіңіз.
Домалақ иіндерді фрезерлеу
(I–J суреттерін қараңыз)
Параллель тіректі (27) тірек беттері жоғары қарап
тұратындай етіп бұраңыз.
Параллель тіректі (27) бағыттауыш қарнақтармен (26)
тірек тақтасына (6) жылжытып, оны бұрандалармен (4)
қажетті өлшеміне сәйкес тартыңыз.
Ортаға дәлдеу білігін (28) қатпарлы бұрандамен (29)
саңылау арқылы параллель тірекке (27) бекітіңіз.
Ортаға дәлдеу білігін (28) домалақ иіннің белгіленген
ортаңғы нүктесіне қойып, фрезерлеу процесін
бірқалыпты қозғалыспен орындаңыз.
Иілген тірекпен фрезерлеу (K–L суреттерін қараңыз)
Параллель тіректі (27) бағыттауыш қарнақтармен (26)
тірек тақтасына (6) жылжытып, оны бұрандалармен (4)
қажетті өлшеміне сәйкес тартыңыз.
Бағыттауыш дөңгелегі орнатылған иілген тіректі (30)
параллель тіректің (27) саңылауы арқылы бекітіңіз.
Электр құралын жеңіл бүйірлік қысыммен дайындама
жиегі бойымен жүргізіңіз.
Фрезерлеу циркулімен фрезерлеу
(M суретін қараңыз)
Домалақ бөлшектерді фрезерлеу үшін фрезерлеу
циркулін / бағыттауыш шина адаптерін (31) пайдалануға
болады. Фрезерлеу циркулін суретте көрсетілгендей
орнатыңыз.
Ортаға дәлдеу бұрандасын (36) фрезерлеу циркулінің
ирек оймасына бұрап кіргізіңіз. Бұранда ұштығын
фрезерленетін домалақ иіннің ортаңғы нүктесіне қойып,
бұранда ұштығы дайындама бетіне тигеніне көз
жеткізіңіз.
Қажетті радиусты фрезерлеу циркулін жылжыту арқылы
шамамен реттеп, (33) және (34) қатпарлы бұрандаларын
бұрап бекітіңіз.
1 609 92A 5MT | (27.07.2020)
Айналмалы реттегіштің (35) көмегімен қатпарлы
бұранданы (34) босатқаннан кейін ұзындықты дәлдеп
реттеуге болады. Бір айналым қондырғының 2,0 мм
жүрісіне тең, айналмалы реттегіштегі (35) бір бөлік
қондырғының 0,1 мм жүрісіне тең.
Қосылған электр құралын оң жақ тұтқа (2) және
фрезерлеу циркулінің тұтқасы (32) арқылы дайындама
үстінен өткізіңіз.
Бағыттауыш шинамен фрезерлеу (N суретін қараңыз)
Бағыттауыш шинаның (37) көмегімен тік жүретін жұмыс
процестерін орындауға болады.
Биіктік айырмашылықтарын туралау үшін аралық
тақтасын (38) орнату қажет.
Фрезерлеу циркулін / бағыттауыш шина адаптерін (31)
суретте көрсетілгендей орнатыңыз.
Бағыттауыш шинаны (37) арнайы қысқыш аспаптармен,
мысалы, қысқашпен дайындамаға бекітіңіз. Электр
құралын орнатылған бағыттауыш шина адаптерімен (31)
бағыттауыш шинаға орнатыңыз.
Көшіру төлкесімен фрезерлеу (O–P суреттерін
қараңыз)
Көшіру төлкесінің (39) көмегімен контурларды үлгілер
мен шаблондардан дайындамаға түсіруге болады.
Көшіру төлкесін шаблон немесе үлгі қалыңдығына сәйкес
таңдаңыз. Көшіру төлкесінің шығып тұратын биіктігінен
шаблон қалыңдығы 8 мм-ден кем болмауы керек.
Құлыптан босату иінтірегін (17) жылжытып, көшіру
төлкесін (39) астыңғы жақтан тірек тақтасына (6)
енгізіңіз. Бұл ретте кодтау жұдырықшалары көшіру
төлкесінің саңылауларына аздаған күшпен бекітілуі
керек.
Фреза диаметрін көшіру төлкесінің ішкі
u
диаметрінен кіші болатындай етіп таңдаңыз.
Көшіру төлкесімен (39) фрезерлеу келесідей
орындалады:
– Көшіру төлкесі бар қосулы электр құралын шаблонға
жүргізіңіз.
– Фрезерлеу тереңдігі бекіткішінің қысқыш иінтірегін
(16) төмен қарай басып, жоғарғы фрезаны реттелген
фрезерлеу тереңдігіне жеткенше баяу төмен қарай
жылжытыңыз. Фрезерлеу тереңдігі бекіткішінің
қысқыш иінтірегін (16) қайта жіберіп, осы батыру
тереңдігін бекітіңіз. Қажет болса, фрезерлеу тереңдігі
бекіткішінің қысқыш иінтірегін (16) жоғары қарай
басып, ақырғы күйінде бекітіңіз.
– Көшіру төлкесі шығып тұрған электр құралын бүйірлік
қысыммен шаблон бойымен жүргізіңіз.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Жақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін электр құралы
u
мен желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
Bosch Power Tools