Bosch GOF 130 Professional Notice Originale page 134

Masquer les pouces Voir aussi pour GOF 130 Professional:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 19
134 | Қазақ
Пайдаланушыны дірілдеу әсерінен сақтау үшін қосымша
қауіпсіздік шараларын қолдану қажет, мысалы: электр
құралды және алмалы-салмалы аспаптарды күту,
қолдарды ыстық ұстау, жұмыс әдістерін ұйымдыстыру.
Жинау
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Фрезаны орнату (A суретін қараңыз)
Фрезаларды орнату мен алмастыруда қорғауыш
u
қолғапты кию ұсынылады.
Фрезалар пайдалану мақсатына байланысты әртүрлі
нұсқалар мен сапа деңгейлерінде қолжетімді.
Жылдам кесілетін болаттан (HSS) жасалған қуатты
фрезалар жұмсақ ағаш пен пластик сияқты жұмсақ
материалдарды өңдеуге жарамды.
Қатты құймалы (HM) кескіш жиекті фрезалар қатты
ағаш және алюминий сияқты қатты және абразивті
материалдарға арналған.
Bosch керек-жарақтарының кең бағдарламасына жататын
айрықша фрезаларды дилеріңізден алуға болады.
Тек ақаусыз және таза фрезаларды пайдаланыңыз.
– Жоңқа қорғанысын (5) төмен қайырыңыз.
– Шпиндельді бұғаттау түймесін (3) басып, ұстап
тұрыңыз. Қажет болса, қозғалтқыш шпинделін қолмен
тірелгенше бұраңыз.
– Салмалы гайканы (21) айыр тәрізді кілтпен (22) (кілт
ені 19 мм) ➊ айналу бағытымен бұрап босатыңыз.
– Фрезаны цангалы қысқышқа енгізіңіз. Фреза білігі
цангалы қысқышқа кемінде 20 мм-ге кіргізілуі тиіс.
– Салмалы гайканы (21) айыр тәрізді кілтпен (22) (кілт
ені 19 мм) ➋ айналу бағытымен бұрап тартыңыз.
Шпиндельді бұғаттау түймесін (3) жіберіңіз.
– Жоңқа қорғанысын (5) жоғары қайырыңыз.
Диаметрі 50 мм-ден үлкен болған фрезаларды
u
орнатылған көшіру гильзасынсыз орнатпаңыз. Бұл
фрезалар тірек тақтасынан өтпейді.
Қысқышты жаппа сомынмен фреза орнатылған
u
болмаса, ешқашан тартып қоймаңыз. Әйтпесе
қысқаш зақымдануы мүмкін.
Шаңды/жоңқаны сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы
өңделуі мүмкін.
1 609 92A 5MT | (27.07.2020)
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
u
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Сору адаптерін орнату
Сору адаптерін (24) шланг жалғағышын алға немесе
артқа қаратып орнатуға болады. Шланг жалғағышымен
орнату кезінде алдымен жоңқа қорғанысын (5) алып
тастау керек. Сору адаптерін (24) 2 домалатпа
бұрандамен (25) тірек тақтасына (6) бекітіңіз.
Оңтайлы сорылуды қамтамасыз ету үшін сору
адаптерін (24) жүйелі түрде тазалап тұру қажет.
Шаңсорғышты жалғау (B суретін қараңыз)
Сорғыш шлангіні (диаметрі 35 мм) (23) (керек-жарақ)
орнатылған сору адаптеріне енгізіңіз. Сорғыш шлангіні
(23) шаңсорғышқа (керек-жарақ) жалғаңыз.
Электр құралын қашықтан іске қосу құрылғысы бар
Bosch әмбебап шаңсорғышының штепсельдік
розеткасына бірден жалғауға болады. Ол электр құралы
қосылғанда автоматты түрде іске қосылады.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиянды, обыр туғызатын немесе құрғақ шаң
үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Жоңқа қорғанысын орнату
(C суретін қараңыз)
Жоңқа қорғанысын (5) алдыңғы жақтан бағыттауышқа
тірелгенше енгізіңіз. Жоңқа қорғанысын алып тастау үшін
бүйірінен ұстап, алға қарай тартыңыз.
Пайдалану
Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
u
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен
белгіленген электр құралдармен 220 В жұмыс
істеуге болады.
Іске қосу
Айналу жиілігін алдын ала таңдау
Айналу жиілігін алдын ала таңдауға арналған айналмалы
реттегіш (20) арқылы қажетті айналу жиілігін жұмыс
барысында да реттеуге болады.
1−2
Төмен айналу жиілігі
3−4
Орташа айналу жиілігі
5−6
Жоғары айналу жиілігі
Кестеде көрсетілген мәндер шамамен берілген. Қажетті
айналу жиілігін материал мен жұмыс жасау жағдайына
байланысты тәжірибе арқылы анықтауға болады.
Bosch Power Tools

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières