Télécharger Imprimer la page

Kärcher FC 7 Cordless Mode D'emploi page 284

Masquer les pouces Voir aussi pour FC 7 Cordless:

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 25
 Құрылғы өшірілгеннен кейін оны суытыңыз.
Құрылғы тиісті түрде суымайынша қайтадан
қосылмайды.
Білікшелер бұрылмайды жəне 1-ші тазалау
деңгейі мен 2-ші тазалау деңгейінің дисплей
көрсеткіштері бір уақытта жыпылықтайды
Құрылғы қозғалтқышы құлыптауға ие, мысалы,
білікшеге қатты қысым түскеннен немесе қабырғаға/
бұрышқа келіп тірелгеннен.
 Құрылғыны өшіріп, қайтадан қосыңыз.
Білікшелер блокталған.
 Білікшелерді шешіп алып, олардың арасында
қандай да бір заттың тұрып қалмағанын
тексеріңіз.
 Білікшелердің ұстағышқа нығыздалып
бұралғанын тексеріңіз.
 Төменгі басындағы шашқа арналған сүзгіде
кірдің жиналмағанын тексеріңіз жəне алып
тастаңыз.
 Шашқа арналған сүзгі дұрыс салынғанын
тексеріңіз. Ол үшін шашқа арналған сүзгіні
шешіп, қайтадан салыңыз.
Шашқа арналған сүзгі білікшелерді бітеп тастайды.
Білікшелер дұрыс суланбаған.
 ҚОСУ/ӨШІРУ қосқышын басыңыз.
Құрылғы өшеді.
 Шашқа арналған сүзігінің босату түймесін ішке
қарай итеріп, шашқа арналған сүзгіні алыңыз.
 ҚОСУ/ӨШІРУ қосқышын басыңыз.
Құрылғы қосылады.
 Білікшелерді дымқылдатыңыз.
a Boost функциясының түймесін басып
тұрыңыз.
b Білікшелер жеткілікті ылғалданғанша
құрылғыны алға жəне артқа жүргізіңіз.
 Шашқа арналған сүзгіні салыңыз.
Дисплей көрсеткіші жоғарыдан төменге бірнеше
рет жанады
Құрылғы төменгі басын тазалау үшін 2 минуттық жуу
процесінде болады
 шамамен 2 минут күтіңіз, содан кейін шаю
процесі аяқталып, дисплей көрсеткіші бұдан
былай жанбайды (бөлімді қараңыз Астыңғы
басын шаю арқылы тазалау).
Құрылғы қосылмайды
Аккумулятор бос.
Аккумуляторды зарядтаңыз.
Зарядтау кабелі əлі де құрылғыда.
 Зарядтау кабелін ажыратыңыз, себебі зарядтау
кабелі қосулы болғанда жұмыс жасау мүмкін
емес.
Құрылғы кір жинамайды
Таза су багінде су жоқ. «MIN» (көк) дисплей
көрсеткіші жанады жəне сигнал ойнайды.
 Таза су багіне толтырып су құйыңыз.
Таза су багі құрылғыға дұрыс орнатылмаған.
 Таза су багін құрылғыға мықтап орнатып
салыңыз.
Лас су багі жоқ немесе құрылғыға дұрыс
орнатылмаған.
 Құрылғыға лас су багін сырт етіп түсетіндей
салыңыз.
 Лас су багінің қақпағы дұрыс салынғанын
тексеріңіз (толтырғыш көзделген ойыққа
салынуы керек).
Шашқа арналған сүзгі жоқ немесе құрылғыға дұрыс
орнатылмаған.
284
 Шашқа арналған сүзгіні құрылғыға дұрыс
салыңыз.
Білікшелер жоқ немесе құрылғыға дұрыс
орнатылмаған.
 Білікшелерді салыңыз немесе білікшелерді
білікше ұстағышына бекітілгенше бұраңыз.
Білікшелер ластанған немесе тозған.
 Білікшелерді тазалаңыз немесе ауыстырыңыз.
Білікшелер тым құрғақ
Білікшелер дұрыс суланбаған.
 Білікшелерді дымқылдатыңыз.
a Boost функциясының түймесін басып
тұрыңыз.
b Білікшелер жеткілікті ылғалданғанша
құрылғыны алға жəне артқа жүргізіңіз.
Таза су сүзгісі ластанған.
 Таза су сүзгісін тазалаңыз.
a Таза су багын шығарыңыз жəне таза су сүзгісін
алып тастаңыз.
Сурет AG
b Таза су багын сүзгісін су астында тазалаңыз.
c Таза су сүзгісін қайтадан орнатыңыз.
Қанағаттанғысыз тазалау нəтижесі
Білікшелер бірінші қолданар алдында жуылмайды.
 Білікшелерді кір жуғыш машинада максимум
60 °C температурада жуыңыз.
Білікшелер ластанған.
 Білікшелерді тазалаңыз.
Білікшелер дұрыс суланбаған.
 Білікшелерді дымқылдатыңыз.
a Boost функциясының түймесін басып
тұрыңыз.
b Білікшелер жеткілікті ылғалданғанша
құрылғыны алға жəне артқа жүргізіңіз.
Дұрыс емес тазалағыш құрал немесе дұрыс емес
мөлшерде қолданылды.
 Тек KÄRCHER тазалағыш құралын пайдаланып,
дұрыс мөлшерде қосылуын қадағалаңыз.
Еденде басқа тазалағыш құралдардың қалдықтары
бар.
 Білікшелерді тазалағыш құралдардың
қалдықтарынан дұрыстап сумен тазалаңыз.
 Еденді тазалағыш құралды пайдаланбай,
құрылғының жəне таза білікшелердің көмегімен
бірнеше рет тазалаңыз.
Едендегі тазалағыш құралдардың қалдықтары
алынады.
Су сіңіру оңтайлы емес
Шашқа арналған сүзгі құрылғыға дұрыс салынбаған.
 Шашқа арналған сүзгіні құрылғыға дұрыс
салыңыз.
Білікшелер тозған.
 Білікшелерді ауыстырыңыз.
Құрылғы лас суды жоғалтады
Лас су багі толы.
 Лас су багін дереу босатыңыз.
Лас су багі құрылғыға дұрыс орнатылмаған.
 Құрылғыға лас су багін сырт етіп түсетіндей
салыңыз. Лас су багі құрылғыға берік бекітілуі
керек.
Шашқа арналған сүзгі құрылғыға дұрыс салынбаған.
 Лас су багі дұрыс орнатылғанын тексеріңіз.
Лас су багі зақымдалған.
 Өкілетті қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Құрылғы өшеді
Лас су багінің көлемі 200 мл-ден асып кетсе,
құрылғыны автоматты түрде өшіру іске қосылады.
Қазақша

Publicité

loading

Ce manuel est également adapté pour:

Fc 7 cordless premium