148 | Қазақ
– Жоғарғы лазерлік нүктенің ортасын төбеде (Ⅰ нүкте)
белгілеңіз. Оған қоса астыңғы лазерлік нүктенің
ортасын еденде (Ⅱ нүкте) белгілеңіз.
d
– Өлшеу құралын 180°-қа бұраңыз. Оны төменгі
лазерлік нүктенің ортасы белгіленген Ⅱ
нүктеде болатындай етіп орналастырыңыз. Өлшеу
құралын нивелирлеңіз. Жоғарғы лазерлік нүктенің
ортасын (Ⅲ нүкте) белгілеңіз.
– Төбеде белгіленген Ⅰ және Ⅲ нүктелердің d
айырмашылығы өлшеу құралының дәл биіктіктен
ауытқуын көрсетеді.
Максималды рұқсат етілетін ауытқу төмендегідей
есептеледі:
еден мен төбе арасындағы қос қашықтық × 0,7 мм/м.
Мысал: еден мен төбе арасындағы қашықтық 5 м
болғанда макс. ауытқу келесідей болады:
2 × 5 м × ±0,7 мм/м = ±7 мм. Сондықтан Ⅰ мен Ⅲ
нүктелердің аралығы ең көбі 7 мм болуы керек.
Пайдалану нұсқаулары
Белгілеу үшін әрдайым тек лазерлік нүктенің
u
немесе лазерлік сызықтың ортасын
пайдаланыңыз. Лазерлік нүктенің өлшемі немесе
лазерлік сызықтың ені қашықтықпен өзгереді.
RM 10 бұрама ұстағышымен жұмыс істеу
(F–H суреттерін қараңыз)
Бұрама ұстағыштың (11) көмегімен өлшеу құралын 360°-
қа орталық, әрдайым көрінетін перпендикуляр негізіне
бұрауға болады. Осылайша лазер сызықтары
бағытталады да, өлшеу құралының орналасуы
өзгермейді.
Дәлдеп реттеу бұрандасымен (14) тік лазер сызықтарын
негізгі нүкелерге дәл бағыттауға болады.
Өлшеу құралын бағыттауыш ойығын (6) бұрама
ұстағыштың (11) бағыттауыш рейкасына (12) қаратып
орнатыңыз және өлшеу құралын платформаға тірелгенше
кіргізіңіз.
Ажырату үшін өлшеу құралын кері бағытта бұрама
ұстағыштан шығарыңыз.
Бұрама ұстағыштың орналастыру мүмкіндіктері:
– тегіс бетке тұрғызылған күйде,
– тік бетке бұрап бекітілген күйде,
– магниттердің (15) көмегімен метал беттерде,
1 609 92A 5EN | (20.03.2020)
– төбе қапсырмалары (16) көмегімен төбе
Өлшеу құралын қосудан бұрын бұрама ұстағышты (11)
дөрекі бағыттаңыз.
Лазер нысандық тақтасын пайдалану
Лазер нысандық тақтасы (20) қолайсыз жағдайда және
ұзақ қашықтықтарда лазер сызығының көрінісін
жақсартады.
Лазер нысандық тақтасының қайтаратын жартысы (20)
лазер сызығының көрінуін жақсартып, мөлдір жартысы
180°
арқылы лазер сызығы лазер нысандық тақтасының
артынан да көрінеді.
Штативпен жұмыс істеу (керек-жарақ)
Штатив тұрақты және биіктігі реттелетін өлшеу табаны
болады. Өлшеу құралын 1/4" штатив патронымен (5)
штативтің (21) немесе стандартты фотоштативтің
бұрандасына орнатыңыз. Өлшеу құралын штативтегі
құлыптау бұрандасымен бекітіңіз.
Өлшеу құралын қосудан алдын штативті бағыттаңыз.
Әмбебап ұстағышпен бекітіңіз (керек-жарақ)
(N суретін қараңыз)
Әмбебап ұстағыш (17) көмегімен өлшеу құралын,
мысалы, тік аймақтарда, құбырларда немесе
магниттелетін материалдарда бекіту мүмкін. Әмбебап
ұстағышты және едендік штатив ретінде де пайдалану
мүмкін болып өлшеу құралының биіктік бойынша
бағытталуын оңтайландырады.
Өлшеу құралын қосудан алдын әмбебап ұстағышты (17)
дөрекі бағыттаңыз.
LB 10 ұстағышымен жұмыс істеу (керек-жарақ)
Ұстағыштың (18) көмегімен өлшеу құралын тік
жазықтықтарға немесе магнитке сезімтал материалдарға
бекітуге болады. Төбелік қысқышпен (16) бірге өлшеу
құралын биіктігі бойынша да туралауға болады.
Өлшеу құралын қосудан бұрын ұстағышты (18) дөрекі
бағыттаңыз.
Лазер қабылдағышымен жұмыс істеу (керек-жарақ)
(N суретін қараңыз)
Қолайсыз жарықтық жағдайында (жарық қоршау, тікелей
күн сәулелері) және ұзақ қашықтықтарда лазер
сызықтарын жақсырақ анықтау үшін лазер
қабылдағышын (19) пайдаланыңыз.
Барлық жұмыс режимдері лазер қабылдағышымен (19)
бірге жұмыс істеуге жарамды.
Лазер көру көзілдірігі (керек-жарақ)
Лазер көру көзілдірігі қоршау жарықтығын сүзгілейді.
Осылай лазер жарығы көз үшін жарқынрақ болады.
u
u
рейкаларында.
Лазер көру көзілдірігін қорғаныш көзілдірігі
ретінде пайдаланбаңыз. Лазер көру көзілдірігі лазер
сәулесін жақсырақ көру үшін қызмет жасайды, бірақ
ол лазер сәулесінен қорғамайды.
Лазер көру көзілдірігін күн көзілдірігі ретінде
немесе жол қозғалысында пайдаланбаңыз. Лазер
Bosch Power Tools