Bosch AKE 30 LI Notice Originale page 280

Masquer les pouces Voir aussi pour AKE 30 LI:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 37
OBJ_BUCH-1275-004.book Page 280 Monday, April 4, 2016 1:04 PM
280 | Қaзақша
Пайдалану, тазалау және қызмет
көрсету кезінде балаларға
мұқият болыңыз. Осылайша
балалардың зарядтау құралымен
ойнамауын қамтамасыз етесіз.
Тек қуаты 2,0 Аh бастап Bosch
литий-иондық аккумуляторлерді
зарядтаңыз (20 аккумулятор
элементтерінен бастап).
Аккумулятор қуаты зарядтау
құралының аккумуляторды
зарядтау қуатына сәйкес болуы
қажет. Қайта зарядталмайтын
батареяларды зарядтамаңыз.
Кері жағдайда өрт немесе жарылу
қауіпі пайда болады.
Зарядтау құралын жаңбырдан, сыздан
қорғаңыз. Зарядтау құралының ішіне су кірсе,
ол электр тоғының соғу қаупін арттырады.
 Тек Bosch литий-иондық аккумуляторларды
зарядтаңыз. Аккумулятор қуаты зарядтау
құралының аккумуляторды зарядтау қуатына
сәйкес болуы қажет. Кері жағдайда өрт немесе
жарылу қаупі пайда болады.
 Зарядтау құралын таза ұстаңыз. Құралдың ластануы
тоқ соғуы қаупін туындатады.
 Әр пайдаланудан алдын зарядтау құралын,
кабельді және айырды тексеріңіз. Ақауды
байқасаңыз зарядтау құралын пайдаланбаңыз.
Зарядтау құралын өзіңіз ашпаңыз, оны тек білікті
маманға және түпнұсқалы бөлшектермен
жөндетіңіз. Зақымдалған зарядтау құралы, кабель
және айыр электр тоғының соғу қаупін арттырады.
 Зарядтау құралын қосулы күйде оңай жанатын
беттердің (мысалы, қағаз, мата және т.б.) үстіне
қоймаңыз немесе жанғыш заттардың жанында
пайдаланбаңыз. Зарядтау кезінде зарядтау
құралының қызуы себебінен өрт қаупі пайда болады.
 Зарядтау құралының саңылауын жаппаңыз.
Әйтпесе зарятау құралы қызып, дұрыс жұмыс істемеуі
мүмкін.
Тағайындалу бойынша қолдану
Электр бұйым ағаш бөрене, тақтайлар, бұтақтар, ағаш
діңдер және т.б. арамен кесу үшін, сонымен қатар
ағаштарды кесіп шабу үшін мақсатталған. Электр бұйымы
өнімдерді талшықтар бағытына қарай ұзындығынан және
көлдеңінен кесу үшін қолданыла алынады.
Бұл электр бұйым минералдық заттарды кесу үшін
жарамды емес.
F 016 L81 531 | (4.4.16)
Жеткізу көлемі
Электр бұйымын баяу ғана қорабынан шығарып алып,
төменде көрсетілген бөлшектерінің толық болған
болмағанын тексеріп алыңыз:
– Шынжырлы ара
– Жапқыш
– Ара шынжыры
– Шапқы
– Шынжырды қорғау құралы
– Ара шынжыры үшін арналған жабысқақ майы
– Қолдану нұсқаулығы
Электр бұйымдардың кейбір үлгілерінде батарея мен
оталдыру құралы жеткізу көлемі ішіне кіреді.
Бөлшектер жетпей немесе бұзылған қалыпта болғанда
осы бұйымды сатқан сатушымен хабарласыңыз.
Бейнеленген құрамды бөлшектер
Көрсетілген құрамдастар нөмірленген суреттері бар
беттегі электр құралының сипаттамасына сай.
1 Артқы тұтқасы (оқшауланған тұтқа жерлері)
2 Қосқыш/өшіргішті блокадалау
3 Қосқыш/өшіргіш
4 Май резервуарының қақпағы
5 Алдыңғы тұтқасы (оқшауланған тұтқа жерлері)
6 Кері соққы тежеуішінің қосылып өшірілуі (Қолдарды
қорғау)
7 Май деңгейінің көрсеткіші
8 Тісті таяныш
9 Шынжырды қорғау
10 Шапқы
11 Ара шынжыры
12 Қысқыш тұтқа
13 Қаптама
14 Желдеткіш жүйесінің шығару жері
15 Шынжырлы бекітпесінің тұтқасы
16 Сериялық нөмір
17 Аккумулятор
18 Аккумуляторды босату түймесі
19 Аккумулятор зарядталу күйі индикаторының пернесі
20 Аккумулятордың зарядталу күйі индикаторы
21 Температураны бақылау индикаторы
22 Зарядтау науасы
23 Зарядталу құралы
24 Зарядтау құралындағы қызыл жарық диод
25 Зарядтау құралындағы жасыл жарық диод
26 Желі айыры **
27 Жүру және кесу бағыттарының белгісі
28 Шынжырлы тісті дөңгелек
29 Бекіту бұрандамасы
30 Шынжырды керу бұрандасы
31 Май бүріккіші
Bosch Power Tools

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières