OBJ_BUCH-1275-004.book Page 277 Monday, April 4, 2016 1:04 PM
Жұмысқа жарамды киім киіңіз. Кең немесе сәнді
киім кимеңіз. Шашыңызды, киім және қолғапты
қозғалмалы бөлшектерден алыс ұстаңыз. Кең киім,
әшекей немесе ұзын шаш қозғалмалы бөлшектерге
тиюі мүмкін.
Шаңсорғыш және шаңтұтқыш жабдықтарды
құрғанда, олардың қосылғандығына және дұрыс
пайдалынуына көз жеткізіңіз. Шаңсорғышты
пайдалану шаң себебінен болатын қауіптерді азайтады.
Электр құралдарын пайдалану және күту
Құралды аса көп жүктемеңіз. Жұмысыңыз үшін
жарамды электр құралын пайдаланыңыз. Жарамды
электр құралымен керекті жұмыс аймағында дұрыс әрі
сенімді жұмыс істейсіз.
Ажыратқышы дұрыс емес электр құралын
пайдаланбаңыз. Қосуға немесе өшіруге болмайтын
электр құралы қауіпті болып, оны жөндеу қажет
болады.
Жабдықтарды реттеу, бөлшектерін алмастыру
немесе құралды алып қоюдан алдын айырды
розеткадан шығарыңыз және/немесе
аккумуляторды алып тастаңыз. Бұл сақтық әрекеті
электр құралдың байқаусыз қосылуына жол бермейді.
Пайдаланылмайтын электр құралдарды балалар
қолы жетпейтін жайға қойыңыз. Осыларды
білмейтін немесе осы ескертпелерді оқымаған
адамдарға бұл құралды пайдалануға жол бермеңіз.
Тәжірібесіз адамдар қолында электр құралдары қауіпті
болады.
Электр құралдарын ұқыпты күтіңіз. Қозғалмалы
бөлшектердің кедергісіз істеуіне және кептеліп
қалмауына, бөлшектердің ақаусыз немесе
зақымдалмаған болуына, электр құралының
зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Зақымдалған
бөлшектері бар құралды пайдаланудан алдын
жөндеңіз. Электр құралдарының дұрыс күтілмеуі
жазатайым оқиғаларға себеп болып жатады.
Кескіш аспаптарды өткір және таза күйде сақтаңыз.
Дұрыс күтілген және кескіш жиектері өткір кескіш
аспаптар аз кептеліп, кесілетін бетке оңай бағытталады.
Электр құралын, жабдықтарды, алмалы-салмалы
аспаптарды және т.б. осы нұсқауларға сай
пайдаланыңыз. Сонымен жұмыс шарттарымен
орындайтын әрекеттерге назар аударыңыз. Электр
құралдарын арналмаған жұмыстарда пайдалану
қауіпті.
Аккумуляторды пайдалану және күту
Аккумуляторлық батареяны тек өндіруші
көрсеткен зарядтау құрылғысымен зарядтаңыз.
Зарядтау құрылғысы белгілі бір аккумуляторлар түріне
арналған, оны басқа аккумуляторларды зарядтау үшін
пайдалану өрт қаупін тудырады.
Электр құралдарына арналған аккумуляторларды
ғана пайдаланыңыз. Басқа аккумуляторларды
пайдалану жарақаттарға немесе өртке әкелуі мүмкін.
Bosch Power Tools
Пайдаланылмайтын аккумуляторды түйіспелерді
тұйықтауы мүмкін қыстырғыштардан, тиындардан,
кілттерден, шегелерден, винттерден және басқа
ұсақ темір заттардан сақтаңыз. Аккумулятор
түйіспелерінің арасындағы қысқа тұйықталу күйіктерге
немесе өртке әкелуі мүмкін.
Дұрыс пайдаланбағандықтан, аккумулятордан
сұйықтық ағуы мүмкін. Оған тимеңіз. Кездейсоқ
тигенде, сол жерді сумен шайыңыз. Сұйықтық
көзге тисе, медициналық көмек алыңыз.
Аккумулятордағы сұйықтық теріні тітіркендіруі немесе
күйдіруі мүмкін.
Қызмет
Электр құралыңызды тек білікті маманға және
арнаулы бөлшектермен жөндетіңіз. Сол арқылы
электр құралының қауіпсіздігін сақтайсыз.
Шынжырлы аралар үшін қауіпсіздік
нұсқаулары
Ара іске қосылып тұрғанда денеңіздің барлық
бөлшектерін ара шынжырынан ұзақта ұстаңыз.
Араны іске қосу алдынан ара шынжыры ешбір
затқа тиіп тұрмағанын тексеріп алыңыз. Шынжырлы
арамен жұмыс істеу барысында бір сәттік алаңғасарлық
киім немесе дене бөлшектері ара шынжыры арқылы
тартылып қалуына апаруы мүмкін.
Шынжырлы араны әрқашан оң қолыңызбен артқы
тұтқасынан, ал сол қолыңызбен алдыңғы
тұтқасынан ұстаңыз. Шынжырлы араның кері реттік
жұмыс тұрыста ұсталуы жарақаттану қауібін
арттырады, оны бұл ретпен қолдануға болмайды.
Электр бұйымды тек қана оқшауланған
тұтқаларынан ұстаңыз, себебі шынжырлы ара
көзге көрінбейтін электр кабелдеріне тиіп қалуы
мүмкін. Шынжырлы ара кернеу өткізу кабелдеріне тиіп
қалғанда бұл осы электр бұйымның металдан жасалған
бөлшектерін кернеу тоғы ықпалы астына түсіріп, электр
соққыға апара алуы мүмкін.
Қорғау көзәйнек пен қорғау құлаққаптарын киіп
жүріңіз. Бас, қолдар мен аяқтар үшін басқа да
қорғау киімін киіп жүріп жұмыс істеуіңіз лазым.
Лайықты қорғау киімін киіп жүріп жұмыс істеу жұмыс
барысында ұшып жататын жоңкалар арқылы мен ара
шынжырын кездейсоқ түрде түртіп қалу арқылы пайда
бола алатын жарақаттану қауібін азайтады.
Шынжырлы арамен ешқашан ағаштар үстінен
жұмыс істемеңіз. Шынжырлы араны ағаш үстінде
қолдану жарақаттану қауібіне апарады.
Тұрақты тұрғаныңызға әрқашан назар аударып,
шынжырлы араны тек қана бекем, қауіпсіз және
тегіс жер үстінде тұрғаныңызда қолданыңыз. Асты
тайғанак болған жер немесе тұрған жердің бекем
болмауы, мысалы тасымал басқыш үстінде тұру сияқты
жағдайлар тепе-теңдіктің жоғалуы мен шынжырлы
араны дұрыс ұстап қолдануды бақылаудың жоғалуына
апаруы мүмкін.
Қaзақша | 277
F 016 L81 531 | (4.4.16)