Өнім Және Қуат Сипаттамасы; Тағайындалу Бойынша Қолдану - Bosch PCM 8 SD Notice Originale

Masquer les pouces Voir aussi pour PCM 8 SD:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 33
214 | Қазақ
Лазер сәулесін адам немесе жануарларға
бағыттамаңыз және өзіңіз де тікелей
немесе шағылған лазер сәулесіне
қарамаңыз. Осылай адамдардың көзін
шағылдыруы мүмкін, сәтсіз оқиғаларға алып келуі және
көзді зақымдауы мүмкін.
Егер лазер сәулесі көзге түссе көздерді жұмып
u
басты сәуледен ары қарату керек.
Лазер құрылғысында ешқандай өзгерту
u
орындамаңыз.
Белгілер
Төмендегі белгілер электр құралды пайдалануда
маңызды болуы мүмкін. Белгілер менен олардың
мағыналарын жаттап алыңыз. Белгілерді дұрыс түсіну
сізге электр құралын дұрыс әрі сенімді пайдалануға
көмектеседі.
Белгілер мен олардың мағынасы
Лазер сәулелері
Сәулеге қарамаңыз
2-ші лазер класы
Электр құралы айналып тұрғанда
қолды аралау аймағына әкемеңіз.
Ара дискісіне тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Құлақ сақтағышын киіңіз. Шуыл
әсерінен есту қабілетіңіз зақымдануы
мүмкін.
Қорғаныш көзілдірікті киіңіз.
Шаңтұтқыш маскасын киіңіз.
Қауіпті аймақ! Мүмкіншілік
бойынша алақан, бармақ немесе
қолдарды осы аймақтан
алыстатыңыз.
Көлденең еңіс бұрышын реттеу үшін
тұтқышты тартып, аралау үстелін
бұрыш индикаторында қалаулы еңіс
бұрышы көрсетілгенше бұрау керек.
ТІк еңіс бұрыштарын аралауда
реттелетін тіреуіш планканы сыртқа
тарту керек.
Аралау дискісінің өлшемдеріне назар
аударыңыз. Тесік диаметрі аралықсыз
аспап шпинделіне сай келуі керек.
1 609 92A 4M8 | (04.12.2018)
Белгілер мен олардың мағынасы
Егер жалғастырғыш тетікті пайдалану
керек болса, жалғастырғыш тетік
өлшемдері ара дискісінің қалыңдығына
және тесіктерінің диаметріне және
аспап шпинделінің диаметріне сай
болуына көз жеткізіңіз. Ара дискісімен
жеткізілген жалғастырғыш тетіктерді
пайдаланыңыз.
Ара дискісінің диаметрі белгідегі
дерекке сай болуы тиіс.
Кесік сызығын лазер сәулесі
қалағаныңызша ара дискісінің сол
немесе оң жағында көрсетілуі мүмкін.
Өнім және қуат сипаттамасы
Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық
қауіпсіздік нұсқаулықтарын және
ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына, өрт
және/немесе ауыр жарақаттануларға алып
келуі мүмкін.
Пайдалану нұсқаулығының алғы бөлігінің суреттерін
ескеріңіз.
Тағайындалу бойынша қолдану
Электр құрал қозғалмайтын тіректе бойлай және
көлденеңінен, ағашты кесудің түзу бағытымен жұмыс
істеуге арналған. Осылайша –48° және +48°
аралығындағы көлденең еңіс бұрыштарын және 45° (сол
жақ) және 45° (оң жақ) аралығындағы тік еңіс бұрыштары
мүмкін болады.
Электр құралының қуаты қатты және жұмсақ ағашты және
ағаш-жоңқалы плита мен ағаш-талшықты плиталарға
арналған.
Электр құрал алюминий немесе басқа түсті металдарды
аралауға арналмаған.
Бейнеленген құрамды бөлшектер
Көрсетілген құрамдастар нөмірленген суреттері бар
беттегі электр құралының сипаттамасына сай.
(1)
Тартқыш
(2)
Тасымалдау тұтқасы
(3)
Лазер ескерту тақтасы
(4)
Қосқыш/өшіргішті блокадалау
(5)
Қосқыш/өшіргіш
(6)
Қол тұтқасы
(7)
Қорғаныш қаптамасы
(8)
Маятниктік қорғағыш қаптама
(9)
Жылжытылатын тіреуіш планка
(10)
Ұзындық тіреуіші
Bosch Power Tools

Publicité

Table des Matières
loading

Ce manuel est également adapté pour:

Pcm 800 s

Table des Matières