Жанармай сүзгісін ауыстыру жолы -
ЕСКЕРТУ
Жанармай мен оның буы өте жанғыш және жарылғыш.
Өрт шығып немесе жарылыс болып, қатты күйіп қалу не өліп кету
мүмкін.
Жанармай ұшқындардан, ашық жалыннан, сигнал беретін шамдардан және
басқа тұтату көздерінен аулақ ұстаңыз.
Жанармай түтіктерін, багін, қақпағын және фитингтерін жиі тексеріп,
шатынап кетпегеніне және жанармай ағызбайтынына көз жеткізіңіз. Қажет
болса, ауыстырыңыз.
Жанармай сүзгісін тазаламас не ауыстырмас бұрын жанармай багін
босатыңыз немесе жанармай беруді тоқтату клапанын жабыңыз.
Бөлшектерді пішімі бірдей бөлшектермен алмастыру және түпнұсқа
бөлшектер тұрған орындарға орнату қажет.
Жанармай төгілсе, қозғалтқышты оталдырмас бұрын оның ұшып кетуін
күтіңіз.
1. Бар болса, жанармай сүзгісін (A, Сурет 6) ауыстырмас бұрын жанармай багін
босатыңыз немесе жанармай беруді тоқтату клапанын жабыңыз. Әйтпесе,
жанармай ағып, өрт шығуы не жарылыс болуы мүмкін.
2. Құлақшаларды (B) қысқыштарға (C) тістеуікпен кіргізіп, қысқыштарды жанармай
сүзгісін аулақ бағытта сырғытыңыз. Жанармай түтіктерін (D) жанармай
сүзгісінен майыстырып, шығарып алыңыз.
3. Жанармай түтіктерінде шатынау немесе жанармай ағуы байқалмайтынын
тексеріңіз. Қажет болса, ауыстырыңыз.
4. Жанармай сүзгісін түпнұсқа сүзгімен алмастырыңыз.
5. Жанармай түтіктерін қысқыштармен суретте көрсетілгендей бекітіңіз.
Ауаны салқындату жүйесін тазалау жолы -
ЕСКЕРТУ
Қозғалтқыш жұмыс істеп тұрғанда жылу бөледі. Қозғалтқыш бөлшектері,
әсіресе шығатын газ өшіргісі, қатты қызып кетеді.
Оған тисеңіз, қатты күйіп қалуыңыз мүмкін.
Жанғыш қалдықтар, мысалы жапырақтар, шөп, бұтақтар, т.б. тұтануы
мүмкін.
Шығатын газ өшіргісіне, қозғалтқыш цилиндріне және тілімшелерге тимес
бұрын, олар салқындағанша күтіңіз.
Шығатын газ өшіргісі мен цилиндр маңынан жиналған қалдықтарды алып
тастаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Қозғалтқышты тазалау үшін су қолдануға болмайды. Су жанармай
жүйесін кірлендіруі мүмкін. Қозғалтқышты щеткамен немесе құрғақ шүберекпен
тазалаңыз.
6
Сурет
14
Сурет
kk
Бұл қозғалтқышты ауамен салқындатылады. Кір не қалдықтар ауа ағынына кедергі
жасап, қозғалтқыштың қызып кетуіне себеп болуы мүмкін. Оның салдарынан
қозғалтқыш өнімділігі төмендеп, қызмет мерзімі қысқарады.
Саусақ қорғағышын (A) қалдықтардан тазарту үшін щетка немесме құрғақ шүберек
қолданыңыз. Жалғауларды, серіппелерді және басқару құралдарын (B) таза
ұстаңыз. Шығатын газ өшіргісінің маңындағы және артындағы аумақты (C) жанғыш
қалдықтардан таза ұстаңыз (Сурет 14).
Сақтау
ЕСКЕРТУ
Жанармай мен оның буы өте жанғыш және жарылғыш.
Өрт шығып немесе жарылыс болып, қатты күйіп қалу не өліп кету
мүмкін.
Жанармайды немесе багінде жанармай бар жабдықты сақтаған кезде
Пештерден, каминдерден, су қыздырғыштарынан немесе тұтату көздері
бар басқа құрылғылардан аулақ сақтаңыз, себебі олар жанармай буын
тұтатуы мүмкін.
Жанармай жүйесі
Жанармай 30 күннен аса сақталса, ескіруі мүмкін. Ескірген жанармай жүйеде
немесе маңызды карбюратор бөліктерінде қышқыл және шайыр тұнбаларының
түзілуіне себеп болады. Жанармай ескірмеуі үшін Briggs & Stratton компаниясының
жетілдірілген формулаға ие жанармай өңдеу және тұрақтандыру өнімін
қолданыңыз. Оны Briggs & Stratton компаниясының түпнұсқа қосалқы бөлшектері
сатылатын кез келген жерден табуға болады.
FRESH START® жанармай қақпағымен жабдықталған қозғалтқыштар үшін
тамшылап ағатын концентрат картридждері түрінде сатылатын Briggs & Stratton
FRESH START® құралын қолданыңыз.
Жанармай тұрақтандырғышы нұсқауларға сәйкес қосылған болса, қозғалтқыштан
бензинді ағызып алудың қажеті жоқ. Қозғалтқышты сақтамас бұрын қозғалтқышты
2 минут істетіп, тұрақтандырғышты жанармай жүйесі бойынша айналдырыңыз.
Қозғалтқыштағы жанармай тұрақтандырғышпен өңделмесе, оны мақұлданған
ыдысқа ағызып алу қажет. Қозғалтқышты жанармай таусылғанша істетіңіз.
Ескірмеуі үшін сақтау ыдысындағы жанармай түрақтандырғышын пайдаланған жөн.
Қозғалтқыш майы
Қозғалтқыш әлі жылы болған кезде қозғалтқыш майын ауыстырыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Қозғалтқышты түзу қойып сақтаңыз (әдеттегі жұмыс істейтін күйінде).
Сақтау үшін қозғалтқыш еңкейтілсе, жанармай багі бос болуы тиіс және оталдыру
білтесі орналасқан жақ жоғарыда болуы тиіс. Жанармай багі бос болмаса және
қозғалтқыш кез келген басқа жаққа еңкейтілсе, ауа сүзгісіне және / немесе оталдыру
білтесіне май я бензин тигендіктен қозғалтқышты оталдыру қиынға түсуі мүмкін.
Ақаулықтарды жою
Көмек керек пе? BRIGGSandSTRATTON.COM сайтына кіріңіз немесе АҚШ-та
1-800-233-3723 нөміріне телефон соғыңыз.
243